"Жеңісімді анама арнаймын": Қазақстанға екі алтын, бір қола сыйлаған Әсем Орынбай арнайы сұхбат берді

Ханчжоуда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко стенд атудан аралас жұптық жарыста чемпион атанды. Жарыстан соң сұхбат берген Әсем бұл жеңістің кездейсоқ еместігіне баса назар аударды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі."Біздің микст командамыз әлемде мықты саналады. Себебі біз осыған дейін әлем кубогі кезеңдерінде топ жарып, әлем чемпионатында қола жүлде жеңіп алғанбыз. Эдуард екеуміз бір-бірімізді сөзсіз түсінеміз. Алматы облысында бірге жаттығамыз. Финал оңай болған жоқ. Кувейттік қарсыластарымыз өте мықты спортшылар, Олимпиада жүлдегері. Тырыстық. Аллаға шүкір, алтын алдық", - деді Әсем.Сондай-ақ спортшы Ханчоуджағы ауа райының ату барысына қалай әсер еткеніне тоқталды."Бүгінгідей жай самал жел атуға еш әсерін тигізбейді. Қатты жел тұрып, жаңбыр жауса, қиналатынымыз анық. Мұндағы ыстық әрі ылғалды климат маған кәдімгідей әсер етті. Қатты терледім. Ауа райы кедергісін келтіргенде жарысты емес, сол күннің ыстығын ойлап кетесің. Десе де, бәрі сәтті аяқталды. Қарсыластарымыз екінші айналымда көп қате жіберді. Сол кезде-ақ, алтын бізде екенін түсіндім", - дейді ол.Сөз соңында Әсем Орынбай бұл жеңісін кімге арнайтынын айтты."Жеңісімді өз анама арнаймын. Менің бұл жетістігім - сол кісінің еңбегі", - деді спортшы.  

Читать источник astanatv.kz/kz/
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
«Дариға Назарбаеваны сағынып жүргендер бар». ҰҚК депутаттын сауалына берді
Нұрқожа Қайпанов: «Шавкат Белал Мұхаммедті сенімді түрде жеңеді»
Өткен жылы елімізде төлқұжат рекордтық көлемде шығарылыпты
Алматыда 2025 жылы тағы 100 мектеп автобусы сатып алынады
Дархан Сатыбалды ҚР Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды
Елімізде 12 судья қызметінен босатылуы мүмкін
2025 жылы мектепке дейінгі біліммен қамту 95%-ға жетеді
Қазақстандық құтқарушылар марапатталды
Өткен жылы еліміздің стационарларында 3,4 млн-нан астам науқас емделді
6 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
ІІМ: 2024 жылы Қазақстанда рекордтық көлемде төлқұжат шығарылды
Ақтау маңындағы ұшақ апаты: Әзербайжанда қазақстандық құтқарушылар марапатталды
Әзербайжан билігі ұшақ апаты кезінде көмектескен қазақстандықтарды марапаттады
Шымкентте аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқыруға қатысты тергеу аяқталды
Қысқы Универсиадаға қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды
Рекордтық көрсеткіш: 2024 жылы Қазақстанда 1,5 млн адам төлқұжат жасатқан
Қазгидромет Алматы және тағы 9 қаланың тұрғындарына ескерту жасады
Курьерлерге қойылатын талап күшейтілмек
Дархан Сатыбалды лауазымды қызметке тағайындалды
Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары тағайындалды
Дархан Сатыбалды жаңа қызметке тағайындалды
Дархан Сатыбалды Президент Әкімшілігіне жаңа қызметке тағайындалды
Дархан Сатыбалды Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды