«ЖЭО жөндеу жұмыстары мерзімінде аяқталмаса, меншік иелері мен әкімдіктерге шара қолданылады»,- О. Бектенов

«Жылу маусымы бойынша штаб жұмыстарына атүсті қарауды доғару қажет!». Премьер-министр Олжас Бектенов әкімдерге осылай деді. Бүгін Үкімет отырысында жылу маусымы қорытындыланып, келесі маусымға дайындық пысықталды. Биыл республиканың электр стансаларында 10 энергоблок, 55 қазандық және 45 турбинаны жөндеу жоспарланған. Үкімет басшысы жөндеу жұмыстары мерзімінде аяқталмаса, меншік иелері мен әкімдіктерге шара қолданылатынын жеткізді. Олжас Бектенов жергілікті атқамінерлердің жұмысын сынға алды. Мәселен, Маңғыстау облысында 8-ші қаңтардан бері МАЭК-тің 2-ші Жылу орталығындағы қазандықты жөндеу жұмыстары басталмапты. Ұлытау облысы да Жезқазған Жылу электр орталығының қазандығын жаңартуға әлі кіріспеген. Олжас БЕКТЕНОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ: Энергетика министрлігі әр объект бойынша маған апта сайын баяндап отыруға тиіс. Бекітілген мерзімдерді өзгертуге болмайды. Қыс бойы жөндеу жұмыстарын жүргізуге мәжбүр болған Кентау мен Степногорскідегі және МАЭК пен «Топар» ГРЭС-індегі сияқты күрделі жағдайға жеткізбеу қажет. Жаз айларында күшейтілген режимде жұмыс істеу керек. Кентау, Риддер және Қызылорда қалаларындағы жылу көздерін жаңғыртуға резервтен 16 млрд теңге қаражат бөлінді. Сондай-ақ Көкшетаудағы жылу қазандықтарын жөндеуге 816 млн теңге қарастырылған. Елімізде жылу энергиясы ысырап болуда. Оның көрсеткіші кейбір өңірлерде 20 процентке жетеді. Олжас БЕКТЕНОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ: Бұл жылу мен энергияны үнемдеу тәсілінің дұрыс емес екенін көрсетеді. Бізде «Энергияны үнемдеу туралы» заң бар және барлық талаптар бекітілген. Олардың сақталуын қатаң бақылау қажет. "Тарифті инвестицияға айырбастау" бағдарламасы шеңберінде биылдың өзінде қолданыстағы стансаларды жөндеу мен жаңғыртуға шамамен 327 млрд теңге тарту жоспарланып отыр. Қазір су тасқыны жағдайы күрделі өңірлерді электрмен жабдықтау қалпына келтіріліп жатыр. Қостанай облысында ажыратылған абоненттер саны 5 мыңнан 700-ге, Ақтөбе облысында – 5,5 мыңнан 13-ке дейін қысқарды. Ал Батыс Қазақстан және Ақмола облыстарында шектеу қойылған абоненттер саны 4 есе, Атырау облысында 3 есе төмендеді. Алмасадам СӘТҚАЛИЕВ, ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІ: Солтүстік Қазақстан облысында авариялық қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүріп жатыр. Қалған 5000 абонент су деңгейі төмендеген соң қосылатын болады. Төтенше жағдайды жоюға 9 мыңнан астам энергетик маман, 2145 арнайы автотехника тартылды. Былтыр республиканың жылумен жабдықтау жүйелерінде барлығы 35 технологиялық бұзушылық анықталды. Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Маңғыстау және Қарағанды облыстарында жылу желілерінің әбден тозығы жеткен. Қанат ШАРЛАПАЕВ, ҚР ӨНЕРКӘСІП ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС МИНИСТРІ: Жергілікті атқарушы органдардың деректеріне сәйкес жылу желілерінің жалпы ұзындығы шамамен 13 мың шақырымды құрайды. Олардың орташа тозу деңгейі 53 пайыз. Шамамен 7 мың шақырым жылу желісі ауыстыруды қажет етеді. Қысқасы, қақаған қыста қараша бүрсең қақпауы үшін Үкімет басшысы жылу маусымына дайындық бойынша барлық іс-шаралар жоспарын 15-мамырға дейін бекітуді тапсырды. "Әкімдер өткеннен сабақ алып, объектілердегі жөндеу жұмыстарын тікелей бақылауға алуы керек",- деді. Әйтпегенде, жаза қатаң болмақ.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Көкшетауда бала асырап алғандар науқас қызды дәрігерге де, мектепке де апармаған
"Өзімді енді тапқандай болдым". Ләйлә Сұлтанқызы көпшілікке сырын ашты
Павлодар облысында ата-ана үш күн бойы балаларын сыртқа шығармай, мектепке де жібермеген
Стратегиялық серіктестік қарқынды дамуда
"Жақсы жұп болар еді". Ақбота-Нұр мен Қуандық Рахым оқырмандарын ойландырып қойды
Ақтөбе облысында 150 мыңнан балаға жазғы демалыс ұйымдастырылады
"Өзімді енді тапқандай болдым". Ләйлә Сұлтанқызы көпшілікке сырын ашты
Министр Мұрат Нұртілеу Иран халқына көңіл айтты
«Болашақ» бағдарламасымен Лондонда оқып келген Айгүл Иманбаеваны әуежайдан тосынсыймен күтіп алды
"Тойынғандық". Мейрамбек Беспаевтың желідегі видеосы көпшіліктің ашуын келтірді
Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында бөгетті нығайту жұмыстары жалғасуда
Мұрат Нұртілеу Иран Президентінің қазасына орай көңіл айту жеделхатын жолдады
Ақылды адамдар тойға бармайды: Омар Жәлелдің пайымы көпшілікті тағы шулатып жатыр
"Өзара келісім бойынша жасалған". Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам сотталды
Жайық өзенінде су деңгейі тағы көтерілді
Ғ.Мүсірепов атындағы театрда «Апалы-сіңлілі үшеу» драмасының тұсаукесері өтті
Көкшетауда бала асырап алғандар науқас қызды дәрігерге де, мектепке де апармаған
Маңғыстауда дәрілік заттарды таңбалау және қадағалауды енгізу жоспарланды
Жер сілкінісі кезінде не істеу керек? – Алматыда жалпықалалық сейсмикалық жаттығу өтеді
Ақтауда 700-ге жуық жас жауынгер ант берді
"Көйлегіңіз біртүрлі болды". Туған күнін ерекше стильде атап өткен актриса сынға қалды
Павлодар облысында ата-ана үш күн бойы балаларын сыртқа шығармай, мектепке де жібермеген
«Балалардан ұят болды-ау»: Өмірқұл Айниязов қуанышты жаңалығын бөлісті
Ахмет Байтұрсынов туралы жаңа фильм жарыққа шығады