«Жер аманаты» аймақтық комиссиясы Жангелдин ауданында көшпелі отырыс өткізді

Торғай атырабында жайылым жер жеткілікті. Тек шабындық тапшы. «Жер аманаты» аймақтық комиссиясы Жангелдин ауданында көшпелі отырыс өткізді. Жергілікті шаруалардың талап-тілегі тыңдалып, түйткілді шешу жолдары қарастырылды. Шалғайдағы шаруа, алыстағы ауыл тұрғындарымен тілшіміз Заңғар Санай тілдесіп қайтты.Жер ресурстарын басқару департаментінің мәліметіне жүгінсек Тобыл-Торғай өңірінде 518 мың гектар жер мемлекет меншігіне өткен. Жыл соңына дейін тағы 330 мың гектар жерді қайтару жоспарланып отыр. Оның он проценті Жангелдин ауданына тиесілі. Шота ОСПАНОВ, ЖАНГЕЛДИН АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: Жер алушылардың саны көп. Бірақ сол алып жатқан адамдардың тиісті деңгейде пайдалануы мардымсыз. Жерді алады да, не үшін алғанына көп жағдайда өздері де жауап бере алмайды. Біз де мысалы түсінбейміз. Осының барлығын мемлекет тарапынан бағыттау керек сияқты. «Жер аманаты» аймақтық комиссиясы Жангелдин ауданында отырыс өткізіп, шаруалар мен тұрғындар тілегін тыңдады. Жерге қатысты түйткілдер көтерілді. Торғайда 2 миллион гектардан астам, ал Амангелдіде 1,8 мың гектар жайылым жер бар. Алайда шабындық мәселесі шешімін таппай келеді. Ақшығанақ НҰҒЫМАНОВ, ЕЛДІМЕКЕН ТҰРҒЫНЫ: Қаншама айтылып жатыр. Мынау шабындық ертең болмай қалады деп. Малды алысқа, жайылымға қарай баққа қарай ұйымдастыру керек деген әңгімелер болып отырады. Енді сол жасалып жатқан жұмыстар бар. Бірақ өз деңгейінде емес. Жангелдин аумағында «Алтын дала» резерваты бар. Көшпелі отырыста резерваттағы шабындық жерлерді ел игілігіне қайтару мәселесі көтерілді. Манат КӘРБОЗОВ, «СЫМА-К» ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Байтұрсынұлы, Ақкөл ауылдарында шабындық деген өте қиын. 50-60 шақырым жерден шөп шабады. Сол елдімекенмен «Алтын дала» резерватының жері шектеледі. Басқа да құзырлы органдар қарау керек шығар. Осыдан жер беретін мүмкіндік бола ма? Торғай төсіндегі мыңдаған гектар шабындықтың қызығын жалғыз көріп отырған жеке шаруалар да жетерлік. Кең алқаптың кемінде жартысын халық игіліне қайтару мәселесі айтылды. Ал комиссия құрамындағы жер ресурстарын басқару департаменті, ауыл шаруашылығы және жер қатынастары, жер кадастры басқармасының басшылары заң шеңберінде қарастыратын болды. Хаттама бекітілді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Оралда аумақтық қорғаныс бригадасының жаңа нысандары пайдалануға берілді
Астанада қазақ күресінен «Дала қырандары» турнирі басталды
Путинцева жартылай финалға шықты
Қазақстан армиясы Орталық Азиядағы көшбасшы позициясын сақтап қалды
Қазақстан құрамасы саблямен семсерлесуден тунисте өтетін гран-при кезеңіне қатысады
Биыл Жетісу облысында 88 денсаулық сақтау нысанын іске қосу жоспарланған
Техникалық колледжіндегі жымқыру дерегі бойынша
Танымал блогер педофилиямен айыпталды: балалар омбудсмені мәлімдеме жасады
Колумбиядағы ұшақ апатынан ешкім тірі қалмаған
Гвардейск гарнизонында тактикалық даярлық сабақтары өтті
Әнші Төреғали Төреәлінің бала күнгі видеосы жарияланды
Қазақстандықтар тіс емдетуге 56,3 млрд теңге жұмсаған
Президент Мекемтас Мырзахметұлының отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады
Қазақстан әлем чемпионатында тарихи нәтижеге қол жеткізді
Алматыдан 77 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелді
Алматыға жақын жерде жер сілкінісі болды
Динара Зәкиева 10 жасар қыздарға хат жазған блогерге қатысты мәлімдеме жасады
Алматыға жақын маңда жер сілкінісі болды
Қазақстан әлем чемпионатында тарихи нәтижеге қол жеткізді
Оралда аумақтық қорғаныс бригадасының жаңа нысандары пайдалануға берілді
Алматы маңында жер сілкінісі болды
Елордада 700-ге жуық жас сарбаз ант берді
«Қазақанимация» жас көрерменге үш жаңа жоба ұсынады
Қазақстандық оқушы әлемдік олимпиадада алтын медаль жеңіп алды (ВИДЕО)