«Жер аманаты» комиссиясы Түркістан облысына барды

«AMANAT» партиясы жанындағы республикалық «Жер аманаты» комиссиясының мүшелері Түркістан облысы Қазығұрт ауданына барып, жергілікті тұрғындармен жүздесті.Олардың қатарында «Жер аманаты» республикалық комиссиясы төрағасының бірінші орынбасары, Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы, Жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі Бас мемлекеттік инспекторы Мұрат Теміржанов, комиссия төрағасының орынбасары, Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек, комиссия мүшесі, Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан болды. Мәселен, Шарбұлақ ауылында өткен кездесуде комиссия мүшелері Қазығұрт, Төлеби, Жетісай және Сарыағаш аудандарының тұрғындарымен әңгімелесті. Аймақтағы ауыл шаруашылығы саласындағы іргелі өндіріс орны «Сапа-2002» ЖШС-нің өндіріс алаңында өткен кездесуде Мұрат Теміржанов заңсыз бөлінген, мақсатына сай пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ортақ қорға қайтаруда мемлекеттік органдардың қызметі қайта қарастырылып, құзыреті күшейтілгенін жеткізді. Ал халық қалаулысы Бақытжан Базарбек болса, аталған комиссияның ықпалымен ауылшаруашылығы мақсатындағы 10 млн. гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайтарылғанын мәлімдеді. Мәжілісте «Жайылымдар туралы» заң жобасы әзірленіп, Сенат қарауына жолданды. Республикалық «Жер аманаты» комиссиясы тарапынан заң жобасының нормаларына қоғамдық жайылым ұғымын енгізу ұсынылды. Яғни, қоғамдық жайылым деп танылған жерлер бұдан былай аукцион арқылы сатылымға түспейді. Орман қорына жататын кейбір аймақтарға қатысты жайылымды басқару жоспары қабылданады. Ауыл шаруашылығы жерлерін жалға беру конкурсының талаптарына бірқатар нақты шектеулер енгізіледі. Мұның бәрі ең алдымен ауыл халқын жайлымдық жермен қамтамасыз етуді көздейді, – деді Бақытжан Базарбек.

Читать источник astanatv.kz/kz/
ҚБТУ-дағы өрт сөндірілді: оқиға орнынан суреттер
Атырауда мектеп мұғалімі суицид жасамақ болды: министрлік мәлімдеме жасады
Атырауда дәмхана маңында төбелес шыққан: зардап шеккендер бар
ҚБТУ ғимаратындағы өрт кезінде Мемлекеттік Ту сақталды
Алматы әкімдігі ҚБТУ ғимаратындағы өртті жою үшін ТЖ қызметтеріне қажетті көмекті көрсетеді
Қазақстан-Британ техникалық университеті өртеніп жатыр
Ұйқысыздықпен қиналмас үшін күндіз сағат нешеде ұйықтауға болмайды?
«12 мың АҚШ доллар берген»: Жәнібекті шетелге сатып жібергендер ақыры әшкереленді
Павлодар облысы: Ақсуда май өндіру зауыты салынады
Алаяқ-хамелеондар: олар өздерін кім деп таныстырады?
Елорда әкімі қоғамдық көліктің жұмысы туралы айтты
Қарызын қайтармағаны үшін атқан: Шымкентте 52 жастағы ер адам ұсталды
«Өте қылықты»: Әсел Сағатованың видеосы желіде қызу талқына түсті
Қазақ күресінен «Дала қырандары» турнирінің жеңімпаздары анықталды
«Тағдырлы, ән жырлы Мақпал»: Мейрамбек Бесбаев Мақпал Жүнісова өлең арнады
ҚБТУ-дағы өрт сөндірілді: ТЖМ мәлімдеме жасады
Атырауда дәмхана маңында төбелес шыққан: зардап шеккендер бар
«Бақытты отбасы»: Ерке Есмахан Италияда жүрген видеосын жариялады
ҚБТУ ғимаратындағы өрт оқшауланды
ҚБТУ-дағы өрт сөндірілді: оқиға орнынан суреттер
Тұман түседі: 12 қаңтарда бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Астана әкімі қоғамдық көліктің жұмысы туралы айтты
Алматыдағы ҚБТУ ғимаратынан өрт шықты
ҚБТУ-дағы өрт бойынша жедел штаб құрылды