Алдағы жылда әлемде қандай өзгерістер болуы мүмкін? Бұл туралы Bugin.kz тілшісі jpost.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.Айтқаны дәл келетін көріпкел Ванга 2024 жыл туралы да болжам айтып кеткен. Бұл жылы әлемде маңызды оқиғалар болады. Балгер 1996 жылы қайтыс болған. Дегенмен алдағы жылдарға болжам жасап кеткен. Ванга осыған дейін Чернобыль апаты, Диана ханшайымның өлімі секілді оқиғаларды дәл болжаған. Оның болжауынша, алдағы жылы лаңкестік жарылыстар көбеюі мүмкін. Ванга 2024 жылдың ең өзекті мәселесі ретінде осы жағдаятты қарастырған. Әлемде алпауыт бір ел ядролық қаруға сынақ немесе шабуыл жасайды деп болжаған. Лаңкестік шабуылдар еуропада көп жасалуы мүмкін екенін айтқан. 2024 жылы Ванга Ресей президенті Владимир Путинге қастандық жасалынады деп болжайды. Ол 2024 жылы жаһандық экономикалық дағдарыс болады деп ескерткен. Қарыз көбейіп, геосаяси шиеленістің күшейіп, экономикалық қуат Батыстан Шығысқа ауысады деген сияқты факторларды атап өткен. Ванга сонымен қатар алдағы жылы ауа райының күрт өзгеретінін, табиғи апаттар болатынын айтқан. Климат бұзылып, радиация деңгейі жоғарылайды. Жер орбитасы қатты өзгеріске ұшырайды. Балгер адамзат жер бетінде 5079 жылға дейін өмір сүретінін болжаған. Адамдар 2304 жылы уақытқа саяхат жасай алады екен. 2341 жылы жерді өмір сүруге жарамсыз ететін техногендік табиғи апаттар болатынын айтқан.