Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті жер сілкінісі кезіндегі іс-қимыл тәртібін еске салды.Жер сілкінісі кезінде мына амалдарды орындау керек: - ғимараттан шығыңыз (сізде 15-20 секунд уақыт болады); - егер сіз жоғарғы қабатта болсаңыз, кіреберіс есіктің саңылауында тұрыңыз немесе балаларды құшақтап, негізгі қабырғалардың бұрышына отырыңыз; - ешбір жағдайда терезенің жанында тұрмаңыз және балконнан секірмеңіз. - сыртта жүрсеңіз, ғимараттардан, құрылыстардан, бағаналардан және қоршаулардан алыс болыңыз; - үйге кірмеңіз: жер сілкінісі қайталануы мүмкін; - лифттерді пайдаланбаңыз; - сіріңке, шам жақпаңыз: - сымдарды ұстамаңыз; - зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетіңіз.