Жер сілкінісін қарағандылықтар да сезді. Сейсмологиялық байқау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығының мәліметінше, аймақта зілзала 2 баллға жеткен. Дегенмен түнгі 12 шамасында сезілген дүмпу әсіресе оңтүстік шығыстағы көп қабатты жаңа үйлердің тұрғындарын қатты үрейлендірді. Бауыржан Момышұлы көшесінің халқы жаппай далаға қашып шықты.Төтенше жағдайлар қызметі адамдарды арнайы көліктерге отырғызып, жылыту орындарын дайындады. Сондай- ақ қатты қорыққан жүзден астам тұрғын 112 нөміріне шұғыл хабарласқан.Олардың арасында Балқаш, Теміртау қалаларының да тұрғындары бар. Жапа шеккендер мен бүлінген ғимараттар жоқ. Дегенмен пәтерлерге сызат түсті деген ақпараттар бар. Мұрат ҚАТПАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТЖД БАСТЫҒЫ: «Қарағанды қаласы бойынша көп өтініштер қаламыздың оңтүстік- шығыс ауданынан түскен болатын. Әсіресе Бауыржан Момышұлы, Проспект Шахтеров көшесінің бойынша орналасқан үйлердің тұрғындарынан. Тұрғындардың көбі жер сілкінісінен қорқып далаға шыққан болатын. Жалпы пәтерлердің ішінде жарылғаны анықталған жоқ. Дегенмен таңертең бір ақпарат түсті, осы Бауыржан Момышұлы көшесіндегі бір пәтерден жаңағы жарылыс орын алды деген. Бірақ ол ақпарат қазір анықталуда ». Сандуғаш БЕЙСЕНОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Асханамыздағы люстра дірілдеп тұрды. Алғашында немереміз ойнап жатыр деп ойладық. Сосын көшеге шықтық, төтенше жағдайлар қызметі, жол полициясы, өрт сөндірушілер, бәрі жүр. Бірақ тұрғын автобусқа мініп алыпты. Жұртта үрей. Мұндай жағдайда не істейсің? Абдырап қаласың ғой....