ТЖД мәліметінше, өзара іс-қимыл алгоритмі бойынша тиісті мемлекеттік органдарға хабар берілді. Тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің жұмысына мониторинг жүргізіліп жатыр.Алматы тұрғындары үрейленіп, үйінен көшеге, далаға шығуда. Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «СТӘК» ЖШС-ның сейсмикалық стансалар желісі Алматы уақытымен 23 қаңтар күні 00 сағат 09 минутта жер сілкінісін тіркеген. Жерасты дүмпуі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 264 шақырым жерде, Қазақстен мен Қырғызстан шекарасы аумағында болған. Энергетикалық санаты – 15.1. MPV тербелісі – 6.7. Тереңдігі – 65 км. Жер сілкінісі Алматыда 4 балл деңгейінде сезілді.