«Жердің үстінен табылғандарға қарағанда, жердің астындағылар көбірек», - Түркиядағы ерікті

Түркияда жер сілкінісінен қаза тапқан адамдардың отбасына 100 мың лира көлемінде қаржылай көмек беріледі. Бұл туралы Түркия президенті Режеп Эрдоған мәлімдеді. Анадолыдағы жағдай әлі қиын. Қазақстандық құтқарушылармен бірге елден барған еріктілер де аянбай еңбек етуде. Толығырақ тілшіміз Сүндет Оралбеков тарқатады.Түркия президенті Режеп Эрдоған жер сілкінісі әсерінен баспанасыз қалған 1 млн 600мың адам 1 жыл ішінде үймен қамтамасыз етілетінін айтты. Жергілікті компаниялар үшін кепілді-несие қоры құрылмақ. Режеп Тайып ЕРДОҒАН, ТҮРКИЯ ПРЕЗИДЕНТІ: Келесі айда зілзаладан зардап шеккендеоге арналған 30 мың үйдің құрылысы басталады. Қазіргі уақытта 1,6 млн адам баспанаға мұқтаж. Апат аймағында 175 мың шатыр, 5,4 мың контейнер үлгісіндегі үй орнаттылған. 272 305 адам зілзаладан зардап шеккен аймақтардан эвакуацияланды. 10 провинциядан жүргек пойыз арқылы 34 406 адам, кеме арқылы 659, 9 аэропорттан 5486 рейспен 237 240 адам көшірілді. Олар жатақханалар мен қонақ үйлерге орналастырылуда. Анталья қаласында 43 мыңнан астам адам қонақ үйге, 7 мың адам жатақханаға, 4 мың адам түрлі мекемелерге орналастырылса, Бурдур қаласына 2 178 адам 6 жатақхана мен пансионатқа жатқызылған. Мугла қаласына шамамен 10 мың адам, Ыспарта қаласына 6 мың адам қонақ үйге тұрақтады. Зілзала аймағына біздің елден құтқарушылармен бірге еріктілер де барған. Солардың бірі – «Қарайлас» қорының мүшесі Ақарыспен біз тілдестік. Оның айтуынша, жағдай өте қиын. Ақарыс ӘДІЛЖАН, ЕРІКТІ: Жердің үстінде табылғандарға қарағанда, жердің астындағылар көбірек сияқты. Бейресми ақпаратттарға сүйенсек 500 мың, миллионға дейін кетіп қалуы мүмкін дейді. Қазір дизинформациялар тарап жатыр ғой. Бұл жаққа болды көмек керек емес, бұларға жетеді, киімдер шашылып жатыр деген сияқты. Бұның барлығы жалған ақпарат. Оларда енді пижамамен жүр. Жер сілкінісі болған, қашып шыққан. Қазақстандық құтқарушылар осы уақытқа дейін 100-ге жуық адамның денесін үйінді астынан алып шықты. 7 адамды құтқарды. Олар өз басын қауіп-қатерге тігіп жүр дейді Ақарыс. Ақарыс ӘДІЛЖАН, ЕРІКТІ: Мына жерде өте қауіпті. 2 этажы төменге түсіп кеткен, тағы құлауы мүмкін. Сондықтан мына жерге кірмей-ақ қойыңдар десе. Біздің құтқарушылар: Жоқ, олар өмірден өтіп кетсе де, адам құсап жерлену керек шығар, біз оларды аман алып шығуымыз керек деп кеше айтып жатқан сөздерін естідік. Түркиядағы жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны шамамен 36 мыңнан асты. Жарақат алған 13 208 адам ауруханаларда ем алып жатыр.С. Оралбеков

Читать источник astanatv.kz/kz/
Алматының гастроэнтерологтары ішегі қабынған науқастарды нәтижелі емдеуде 
Қазақстан чемпионатында сенсация жасаған футбол клубы жабылудың алдында тұр
Адам шығыны бар: Түркияда жойқын жарылыс болды
Қазақстандық төреші үстел теннисінен ATTU техникалық және төрешілер комитетіне қабылданды
Әлемде алғаш рет әйелдерден тұратын әуе рейсі орындалды
Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы қатысатын әлем чемпионаты тікелей эфирде көрсетіледі
«Әлеуметтік әмиян» жобасы ыстық тамақ үшін құжат жинауды жеңілдетті
«Әлеуметтік әмиян» жобасы оқушыларды тегін тамақтандыру үшін құжат жинауды жеңілдетті
«Ауыл» партиясында кадрлық өзгерістер болды
Есірткіге қатысты жазалар өзгереді
Елімізде жасанды интеллект бойынша білім беру бағдарламалары мен курстары әзірленеді
Доллар 7 теңгеге арзандады
Қазіргі таңда еліміздің Қытай университтерімен жасаған 241 келісімі бар
Түркия командасында ойнайтын Абат Айымбетов үшінші ойын қатарынан мергендігімен көзге түсті
Қорғаныс министрі тағы бір қызметке тағайындалды
Танкист, парашютис, дзюдоист...
Алматылық балалар Президенттік шыршада жаңа жылдық сиқыр әлеміне енді
Қасым-Жомарт Тоқаев Әзірбайжан Президентін туған күнімен құттықтады
Конькимен жүгіруден Азия ойындарына қатысатын спортшылар анықталды
Ел өңірлерінде көлік сақтандыру полисі қымбаттайды
Алматы қалалық ландшафтты жаңартуда: қылқан жапырақты биік ағаштар отырғызылды
Доллар бағамы тағы құбылды
Екібастұзда ата-анасының ішімдік ішкенінен шаршаған бала әжесіне кетіп қалған
Конькимен жүгіруден Азия ойындарына қатысатын спортшылар анықталды