12 қыркүйекке дейін Жерге бес астероид жақындайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Ұлттық аэронавтика және ғарыш басқармасының (NASA) сайтына сілтеме жасап хабарлайды.Астероид 6 қыркүйекте Жер планетасына жақындайды. Ол 5,11 миллион шақырым қашықтықтан өтеді. Көлемі ұшақ пен автобусқа тең келесі екі астрономиялық нысан 8 қыркүйекте - сәйкесінше 4,08 миллион және 5,72 миллион километрдей жақындайды. Ұшақ өлшеміндей соңғы екі астероид 10 қыркүйекте пайда болады. Олар мен Жер арасындағы ең аз қашықтық сәйкесінше 1,52 миллион және 2,66 миллион километр болады. Айта кетейік, тамыз айында NASA Жерге қауіпті астероид жақындап келе жатқанын ескерткен еді. Бұл санатқа Жер орбитасын 7,5 миллион километрден аз қашықтықта (0,05 AU дейін) кесіп өтетін астрономиялық объектілер кіреді.