Жерорта теңізінде суға батқан қайықтардан 471 мигрант құтқарылды,-деп хабарлайды Қазақстан Телеарнасы. Оларды Италияның жағалау күзетінің қызметкерлері судан аман-есен шығарған.Құтқарылғандардың тең жартысына жуығы - бала.Биыл Италияның Лампедуза аралына қауіпті теңіз жолымен 126 мыңдай шетелдік барған. Бұл былтырдан екі есе көп. Арал тұрғындары мигранттардың көбейіп кетуіне қарсылық ретінде шеруге шықты.