"Жеті адамнан аспауы керек": Имам бірігіп құрбандық шалу кезінде халықтың қандай қателік жіберетінін айтты

Биыл 28 маусымда Құрбан айт басталды. Мұсылмандардың ең ұлық мейрамдарының біріне қатысты жұртты толғандырған сауалдарға Алматы қаласы Таугүл мешітінің бас имамы – Ернар Мәжен жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат порталы.Дін өкілінің айтуынша, түйе, сиыр, ешкі және қойды құрбандыққа шалуға болады. Таңдалған мал семіз әрі он екі мүшесі сау екендігі маңызды. Ал жылқыны шалуға шариғат рұқсат бермеген. Сонымен қатар бірнеше адам қосылып, құрбандыққа мал шалудың өзіндік ережелері бар. "Ірі қара малына келетін болсақ, түйе және сиырды жеті адамға дейін бірігіп құрбандық шала алады. Бірақ сол жетеуі де құрбан шалу ниетінде болу керек. Мысалы, жеті адамның алтауы құрбан шаламын деп ниеттеніп тұр, бірақ жетіншісі: "Маған ет керек, ет алу үшін" десе, ол болмайды. Сондықтан да жетеуінің де ниеті құрбан шалу мақсатында болу керек. Былайша айтқанда, максимум жеті адам бірігіп құрбан шала алады. Одан төмен алты адам, бес адам, үш адам, тіпті екі адам да бір ірі қараны бірігіп құрбан шалса болады. Бірақ жетеуден аспау керек, сегізінші адам болмайды. Ал енді ұсақ малға келетін болсақ, ешкі немесе қойды тек бір ғана адамның шалуына болады", – деді имам. Құрбан айт қарсаңында мал бағасы қымбаттап, базардағы саудагерлер төрт түліктің құнын шектен тыс шарықтататыны жасырын емес. Қасиетті мейрамда саудаласуға бола ма? Мешіт имамы дәл осы тақырыпқа қатысты жауап берді. "Кейде өкінішке орай, малмен айналысатын кісілер осы құрбан айтты пайдаланып, әдеттегі бағадан қымбатырақ сатқысы келеді. Оларды да түсінуге болады. Бірақ алушы кісі де саудаласатын болса, сатушыны ренжітпейтіндей, қинамайтындай дәрежеде түсіріп алатын болса, онда бір әбестік жоқ. Сондықтан саудаласуда тұрған ештеңе жоқ. "Жоқ, мен Алла үшін ниет еттім, сатып жатқан бағаға аламын" дейтін болса, ол енді азаматтың немесе бауырымыздың мәрттігі. Әрине, шектен тыс бағаны шарықтату әдетке, ынсапқа жатпайды. Өкінішке орай, нарықта сұраныс бар жерде баға да өседі деген секілді, ол тек қана малда ғана емес. Мысалы, көлік тапшы болған кезде көліктің бағасы қымбаттады, үй бағасы мен қант тапшы болған кезде де баға қымбаттайды. Сол сияқты жаппай құрбандыққа мал алғаннан кейін “өтіп тұрған кезде неге қымбаттатпасқа?” деп ойлайтын бауырларымыз бар. Бірақ "жоқ, бұл – Алла Тағаланың қасиетті мерекесі. Мен бұл жерде ынсаптан, әдептен, ұяттан аспайын, сол басқа қалыпты уақыттағы өтіп жатқан бағаға қойып, сол бағаға сатамын" дейтін болса, әрине, ол сол мал сатушының иманының күштілігі, адамгершілігінің жоғары екендігін көрсетеді", – дейді Ернар Мәжен. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
Дәрі-дәрмек емдей ме?
Қарағандыда жабылған жол учаскелерінде жүздеген көлік кептелісте тұрып қалды
Қарағанды мен Павлодар облыстарының кейбір бөліктерінде жол қозғалысы шектелді
Павлодар облысындағы алтын кеніште ер адам қаза тапты
Тәжікстанға 1 млн тоннадан астам астық экспортталды
Дәрі-дәрмек емдей ме?
Қарағанды мен Павлодар облыстарының кейбір бөліктерінде жол қозғалысы шектелді
Астанада кезекті жайлы мектеп ашылды
Парламент президентке импичмент жариялады
Футбол алаңынан саясат алаңына
Ақтөбе облысындағы жол апатынан 8 адам көз жұмды: жүргізуші кінәсін мойындады
«Өлсем, бәрі жеңілдейтін сияқты»: Енесі мен күйеуінен шаршаған танымал блогер мерт болды
Ауа райына байланысты Қарағанды, Павлодар облыстарында жол жабылды
Астана Орталық Азияда бірінші болып тұрақты дамудың халықаралық сертификатын алды
Павлодардағы «Майқайыңалтын» шахтасында жұмысшы қаза болды
Батыс Қазақстанда жаңа заманауи мектеп қолданысқа берілді
ТЖМ цифрлық форматта: ТЖ алдын алудың жаңа мүмкіндіктері
Түркістандық телеарна түркиямен бірлескен тележоба дайындамақ
Өскеменде бір ай бұрын жоғалып кеткен 18 жастағы қыз өлі табылды
Ұялы байланыс операторы тарифтерінің қымбаттауы: Шешім қандай
2027 жылы бокстан әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді
Енесі мен күйеуінен қорлық көрген танымал блогер 8-қабаттан секіріп көз жұмды
Екі облыста жол жабылды
Төтеншеліктер балық аулау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін ескертті