Жетінші шақырылымдағы Мәжіліс өз миссиясын орындады ма?

Мәжіліс және мәслихат сайлауы саяси бәсекелестікті арттырады. Сондықтан сарапшылар бұл реформа жергілікті деңгейдегі азаматтардың саяси аренаға шығуына мүмкіндік береді дейді. Президент осылайша әділетті Қазақстан құрудың алғашқы қадамын жасап отырғанын айтады.Саяси реформа – еліміз үшін маңызды қадам. Сайлау еркін демократиялық қоғамды құруға жол ашады. Әсіресе, өңірлердегі білікті мамандарға мүмкіндік беріліп, маңызды шешімдердің қабылдануына сеп болмақ. Сондықтан сегізші шақырылымда Мәжілістен әралуандылық күтеміз дейді сарапшылар. Қазбек МАЙГЕЛДИНОВ, «ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ» РММ ДИРЕКТОРЫ: Жаңа тұлғалар қалыптасу керек. Бізде өңірлерде мықты-мықты азаматтар бар. Өңірлерде мықты өзінің азаматтық позициясы бар белсенділер бар. Бірақ оларға мүмкіндік керек. Оларға, мысалы, саяси тұғырнамаға, саяси аренаға шығуға қандай да бір лифт керек. Менің ойымша, жергілікті деңгейдегі азаматтарға зор мүмкіндік береді. Жетінші Мәжіліс депутаттары геосаяси жағдайда күрделі кезеңмен тұспа-тұс келсе де, өз миссиясын орындады. Сегізінші шақырылымнан күтеріміз одан да көп дейд саясаттанушы Бауыржан Серікбаев. Халықтың қалаулылары үмітті ақтап, маңызды істерді абыроймен атқарады деген сенімде. Бауыржан СЕРІКБАЕВ, ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ ИНСТИТУТЫНЫҢ САРАПШЫСЫ, САЯСАТТАНУШЫ: Өзін-өзі ұсынғысы келетін қоғам белсенділері бар. Елімізде халқымыздың сөзін сөйлеп жүрген азаматтар бар. Халықтың өзі ұсынатын азаматтар болады. Осы азаматтардың арасындағы саяси бәсекені, партиялар арасындағы саяси бәсекені арттыруға тікелей негіз болады деп айтуға болады. Ал Есбол Мұханбетқалиев Мәжіліс және мәслихат депутаттарын сайлау - саяси жүйені одан әрі жандандыратынын айтты. Мемлекеттік басқарудың жаңа үлгісін орнатып, саяси модель қалыптастыруға мүмкіндік береді дейді. Есбол МҰХАНБЕТҚАЛИЕВ, Қ.ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АӨУ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫ БОЙЫНША ПРОРЕКТОРЫ: Сайлау алдағы уақытта әділ нақты және жас мамандармен толығады деген үміттеміз. Себебі жаңа Қазақстанда әділеттік принципі арқылы қазіргі уақытта бірнеше бастамалар басталды. Сол бастамалардың барлығы әділеттілік бар жерде өркендеу бар, даму бар. Осы өркендеу, даму жолында Қазақастан азаматтары өздерінің толық пікірлерін ұсыныстарын білдіреді деген ойдамыз. Еліміздегі саяси реформалар негізінде еркін демократиялық қоғам құрылмақ. Бұл орайда әр азаматтың белсенділігі ерекше маңызды дейді сарапшылар. А. Задабек

Читать источник astanatv.kz/kz/
Үш қалада ауа ластанады
“Романтика“. БҚО тұрғыны біреудің банк картасын ұрлап, әйеліне гүл алған
“Жаныма қатты батты“. Баян Мақсатқызы Бишімбаев ісіне қатысты жаңа жобаның құпиясын ашты
«Таза Қазақстан» экология болашағы үшін миллиондарды біріктірді
“Ордабасыға” бас бапкер тағайындалды
Жемістердің кейбір түрлері қатерлі ісік ауруының өсуіне ықпал етуі мүмкін
Алматыда 1983 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан құбыр ауыстырылды
Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша, 2024 жылғы қарашада тұтыну бағалары 0,9% өскен
Жыл қорытындысы: «Таза Қазақстан» экология болашағы үшін миллиондарды біріктірді 
Боран соғып, көктайғақ болады
Қостанайда сырғанақ кезінде бес бала ауруханаға түсті
«Заңды өрескел бұзу»: Асхат Аймағамбетов Семейдегі мұғалім оқиғасына қатысты пікір білдірді
“90-жылдардағы бандит“: танымал продюсер күйеуі туралы айтып, жан сырын ақтарды
«Күйеуім крутой, спортшы болды»: Гүлнұр Мамасарипова 31 жыл бұрынғы сырын айтты
5 жылдан кейін еліміздің транзиттік тасымалы қалай өзгереді
Алдағы үш жылда тағы 257 локомотив жеткізіледі – Марат Қарабаев
28 жылдан бері қолданылып келе жатқан ескі вагондар әлі бар - депутат
Қазақстан аумағында 13 халықаралық дәліз жұмыс істейді
Алматы стадионының экс-басшысы Бауржан Жұмажанов: “Менің шындығым“
3,7 млрд теңге жымқырған есепші Ресейден елге қайтарылды
Мүгедектігі және асыраушысынан айырылғандарға шамамен 633,4 млрд теңге төленді
Көкшетаулықтар 55 шет ел көлігін заңсыз тіркеген
Ресейден Қазақстанға өзбекстандық экстрадицияланды
Испанияда жүлде қоры €2,7 млрд лоторея ойнатылып жатыр