Жетпістен асқан қариялар сегізінші қабатқа баспалдақпен мініп, түседі. Еріккеннен діңкелеп жүрген жоқ. Лифт жұмыс істемейді. Таза ауамен тыныстауға сыртқа шығу үшін баспалдақтың қанша сатысын басатынын Дәрібек Оңласын санады. Дәрібек БАХЫТБЕК, ТІЛШІ: Бұл тұрғын үйдің лифтісі жиі бұзылады. Жыл басталғалы істемей тұр. Есіктерінің тозығы жеткен. Жоғары қабатқа баспалдақпен көтерілуден басқа амал жоқ. Тепсе темір үзетін жас болсақ та сегізінші қабатқа әрең жеттім. Қолыңда затың болса тіпті қиынға соғады. Бұл 8 қабатты тұрғын үй 2022 жылдың жазында берілген. Жаңа деген аты ғана болмаса затына сай емес. Жедел саты жедел істен шыққан. Жоғары қабатта жетпісті алқымдаған қариялар көп тұрады. Олар таза ауамен тыныстауға далаға шығу үшін баспалдақтың 165 сатысын басады. Ентігіп қалатындары сыртқа көп шықпайды. Нұрпат АЙТҚАЗИНА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Бір жарым жылдан бері түзу істеген жоқ. Сентябрьден бері платный болса да, 5 күн істесе, 5 күн істемейді. Лифтке төлейміз. Не үшін төлейміз білмеймін. Оны төлегеннен кейін сол жауапты адам істеу керек ғой қалайда. Бұндай ответственный көріп тұрған жоқпын. Құрылысты салған компания лифтінің бұзылуына тұрғындардың өздерін кінәлап отыр. Тапсырған кезде бәрі дұрыс болатын деп шаң жуытар емес. Мұрат ТҰРМАХАНОВ, ҚҰРЫЛЫС КОМПАНИЯСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Біз лифті әдемілеп тапсырдық. Олар енді обслубжнение жүргенде ақшаны алып жатыр. Оларда ОСИ жоқ. 4-5 ай ОСИ регистрация жасамай отыр. Сол проблема халықтар регистрациядан өткізіп заң бойынша. И мына жерде ОСИ жасау керек. Пәтер иелері кооперативін тұрғын үйден жолықтыра алмадық. Телефон шалдық. Жауабын жазып алдық. Тәуелсіз экспертиза жасатамыз. Олар тексеріс жүргізген кезде қастарында тұрып, бақылаймын. Қорытындысы шыққан соң, жөндетеміз. Бас қалада бұдан бөлек жұмыс істемей тұрған 224 авариялық лифті бар. Жедел сатының мәселесін жедел қарастыруды етеді.