Жетісайда қауын пісті

 Жетісайлық шаруалар қауын экспортын бастап кетті. Алғашқы өнім Ресейге жөнелтіліп жатыр, - деп жазды KAZINFORMБүгінде Жетісай топырағына егілген қауын дақылдарының алғашқы легі пісіп үлгерді. Қазір диқандар егістік алқабынан теріп алған өнімдерін экспортқа дайындап жатыр. Соның бірі – жергілікті тұрғын Әл-Фараби Күзенбаев. Бірнеше жылдан бері диқаншылықпен айналысып жүрген шаруа Абай ауылдық округіндегі 45 гектар жеріне ерте көктемде егін еккен болатын. «Ақпан айында отырғызылған қауынның «бакинка» сорты жоспардағы 65 күнде емес, ауа райының жауын-шашынды болуы салдарынан 90 күнде жеуге жарамды болды. Енді сұранысқа сәйкес Ресей Федерациясының Мәскеу қаласына экспорттап жатырмыз. Биыл қауынымыз жылдағыдан сәл кештеу пісті. Сұраныс та жақсы. Ағын судан қиыншылықтар болғанымен, тапшылық сезілмеді. Баға жаман емес, келісі 600 теңгеден болып жатыр. Ешқандай делдалсыз өнімді егістік басынан өзіміз көліктерге тиеп, жіберіп жатырмыз», - дейді «Әл-Фараби» шаруа қожалығының төрағасы Әл-Фараби Күзенбаев.Айта кетейік, биыл аудандағы суармалы жердің 20 мың гектарына егілген бақша дақылдарының 16 мың гектары қауын болса, 4 мың гектары қарбыз дақылы. Өткен жылы 18 780 гектар алқапқа егілген бақшаның 14 мың гектары қауын, 4,6 мың гектары қарбыз болған. Ал жалпы алынған өнім көлемі – 514,3 мың тонна.

Читать источник astanatv.kz/kz/
“90 жылдардағы бандит“. Атақты продюсер күйеуі жайлы ел білмейтін ақпаратты айтты
Павлодар тұрғыны есірткі қолданып көлік жүргізген
Астанадан 54 мың текше метрден астам қар шығарылды
IBA Азия чемпионатындағы төрешілікті қайта тексереді Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA)
Алматылық студенттер Маңғыстау тұрғындарының 133 миллион теңгесін қағып түскен
Үкімет басшысы инфрақұрылымның тозуын төмендету жолдарын атады
Күрестен халықаралық турнир аяқталды
«Біз монополист емеспіз»
Тағы бір креативті хаб Ұлытау облысында ашылды
Шерзат Болаттың әкесі бостандыққа шығады
Шыршаны безендіру дау-дамайдан кейін Семейде әкім ауысты
Мемлекет басшысы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады
«Орда» деп барып опық жеді
Қазақстан Климаттық инвестициялық қордың (CIF) таза технологиялар қоры (CTF) комитетінің мүшесі болып сайланды
Картоп көш бастап тұр...
«Халықтың экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасы» бекітілді 
ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: Алматы қаласы үшін тұрақты көлік қаңқасын қалыптастыру
Минскіде Қазақстан мен Беларусь Бас штабтарының басшылары кездесті
Жасыл технологиялар – болашақтың негізі
Елімізде 70 жыл бұрынғы температура рекорды жаңарды
Депутат: Аспанның құдайы - Air Astana
Отау құрудан Алматы көш басында
Жұмыс орнында қызметкерлердің орындықпен қамтамасыз етілуі заңмен қадағаланады
Денсаулық сақтау министрі Алматы жұртшылығымен кездесті