Жетісу облысына 10 айда 2 миллион турист барды

Жетісу облысына 10 айда 2 миллион турист барды. Қонақтардың басым бөлігі Алакөлде демалуды таңдапты. Бір жылда өңірдегі өнім көлемі 12 процентке өсіп, 695 млрд теңгеге жетті. Аймақтың экономикалық өсу қарқыны да жоғары. Әсіресе, құрылыс саласы жақсы дамып келеді. Бюджетке 165 млрд теңге құйды. Жетісудағы жаңа жобаларды Аружан Задабек жеткізеді. Биыл Жетісу дәнді дақыл өнімінің көлемі бойынша республикада төртінші орынға шықты. Алдағы үш жылдың ішінде 1 млн. тоннаға жеткізуге мүмкіндігі бар. Қазір облыста ауыл шаруашылығы өнімін өңдейтін 120 кәсіпорын жұмыс істейді. Олар 10 айда 70 млрд теңге болатын азық-түлік шығарған. Бастысы, биыл Президент тапсырмасымен үш жылдан бері жұмысы тоқтап тұрған Ақсу қант зауыты толық жөндеуден өтіп, іске қосылды. Бейбіт ИСАБАЕВ, ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Қызылшаны субсидиялау нормативі тоннасына 15 мыңнан 25 мың теңгеге дейін ұлғайтылды. Бұл қант қызылшасының алқабын 2 есе көбейтіп, 8,5 мың га дейін жеткізуге мүмкіндік берді. Биыл қант зауыттарына 330 мың тонна тәтті түбір өткізіліп , жыл соңына 42 мың тонна қант өндіру жоспарлануда. Қазір облыста 535 кәсіпорын бар. Онда 26 мыңнан аса адам еңбек етеді. Биыл тағы 12-сі ашылып, 500 адам жұмыспен қамтылмақ. Өңірде 59 мың шағын және орта бизнес субъектісі тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 21 процентке көп. Нәтижесінде бюджетке 33 млрд теңге пайда түскен. Бейбіт ИСАБАЕВ, ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Шағын және орта бизнес субъектісі тіркелген, онда 110 мың адам жұмыс істейді. Өткен жылмен салыстырғанда 1,5 есе көп. Жалпы, өңірде шағын және орта бизнестің үлесі – 31%. Алдағы екі жылда бұл көрсеткішті 5-7%-ға арттыру жоспарланып отыр. Облыс әкімі жыл соңына дейін 199,5 шақырым жол және 80 елдімекеннің ішкі көше жолдары жөнделеді, - дейді. Бұдан бөлек 358 елді мекеннің 323-і орталықтандырылған сумен қамтылады. Тағы 15 ауылда ауыз судың сапасын жақсарту жоспарланған. Газдандыру жұмыстары да жалғасады. 298 мың адам табиғи отынға қол жеткізеді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қысқы Универсиадаға кімдер барады?
Өскеменде үй саламыз деп 102 азаматты алдаған күдіктілер ұсталды
Бүгін Түркістан облысына жаңа әкім тағайындалады
Өткен жылы еліміздің стационарларында 3,4 млн-нан астам науқас емделді
6 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Өткен жылы елдегі стационарларда 3,4 млн астам пациент емделді
Әлемдегі ең қарт адам қайтыс болды
Елордадағы емханаларда Face ID жүйесі енгізілді
“Бұл өнердің шегі жоқ“. Каллиграфия арқылы әлемдік брендтерге ұсыныс алған қазақ қызы
1 қаңтардан бастап Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы қанша теңгеге өсті?
Жаңақорған ауданында 124 отбасы баспаналы болды
Қысқы Универсиадада Қазақстан намысын қорғайтын спортшылар белгілі болды
Тұман, көктайғақ күтіледі: Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Универсиада-2025: Қазақстандық хоккейшілердің ойын кестесі белгілі болды
Әлемнің ең қарт адамы қайтыс болды
Жабық жолға шыққан жүргізушілерге қандай жағдайда айыппұл салынады?
Нұрқожа Қайпанов: «Шавкат Белал Мұхаммедті сенімді түрде жеңеді»
Лоторея, тіс протезі: Өткен жылы Алматыда жоғалған ерекше заттар
Күнбағыс майының алғашқы партиясы өңірлерге жөнелтіледі
“ЭКҰ арқылы босанды“. Өмірқұл Айниязов ел білмейтін құпиясын ашты
Ақтөбеде электр желілеріне мұз қатып, жарық сөнді
Елімізде 12 судья қызметінен босатылуы мүмкін
Өскеменде үй саламыз деп 102 азаматты алдаған күдіктілер ұсталды
Тұман, көктайғақ: 6 қаңтарға арналған ауа райы болжамы