Жетісу облысында 22 бастауыш мектеп жабылады

Алдағы оқу жылы аяқталысымен Жетісу облысында 22 бастауыш мектеп жабылады. Жергілікті әкімдік мұндай қадамға білім сапасын жақсарту және оңтайландыру мақсатында барып отыр. Алайда білім шаңырақтары жабылатын ауыл тұрғындары мұндай шешіммен келіспейді. Ауылдағы ағайын мектеп жабылса, ауыл да құрдымға кетеді деген пікірде.Бұл туралы Қазақстан Телеарнасы хабарлайды. Ескелді ауданына қарасты Жендік елді мекенінде 150 адам тұрады. Ал бастауыш мектепте небәрі 8 оқушы ғана оқиды. Мектеп жабылады деген хабарды естіген халықтан маза кетті. Тұрғындар ең алдымен балаларының жағдайына алаңдайды. Себебі оқушылар білімін жалғастыру үшін бес шақырым жердегі Жетісу ауылына қатынап, оқуы тиіс. Сермағанбет Жұбанов, Жендік ауылының тұрғыны: Автобус мысалға сағат жетіде келеді. Жетіде қыстың күні қараңғы. Балалар біріншіден ұйқысынан қағылады. Мектепке барғаннан кейін ұйықтап отырады партада. Қайтатын кезде сағат екіде шығады. Келем дегенше екі жарым болады. Шенділер ауылда жиналыс өткізіп, хаттама толтырамыз деп таза қағазға тұрғындардың қолын жинап алған. Бірақ хаттамаға не жазылғанынан ата-аналар бейхабар. Мектептің жабылуына әуелден қарсы болғандар енді қарсы емеспіз деп келісім бергендей болып қалдық па деп алаңдаулы. Қалима Тұрысбекова, Жендік ауылының тұрғыны: Таза бланкқа қол қойғызды. Содан кейін мен өзім наразылық білдірдім. Неге таза бланкқа қол қойғызып жатсыз. Кейін біз толтырамыз жібереміз деді. Сол бізді алдағаны ма? Қанша адам? Қарсы шыққан 17 адам шықтық. Жендіктегі мектептің қазіргі жағдайы осы. Спорт зал, мәжіліс зал, асхана деген мүлдем жоқ. Білім бөліміндегілер ең алдымен оқушыға қолайлы жағдай жасалады деп сендіріп отыр. Сондай-ақ оқушы тасымалына қосымша көлік бөлінетін болады. Ескелді ауданында Жендіктен бөлек тағы үш білім шаңырағы қысқарады. Ал облыс бойынша 22 бастауыш мектеп жабылады. Марат Сүлейменов, Жетісу облыстық білім басқармасының басшысы: Сапалы білім беру үшін. Толық ыстық тамақпен қамтамасыз ету үшін. Сыныптан тыс, мектептен тыс шараларды өз деңгейінде ұйымдастыру үшін негізгі орта білім беру ұйымдарына ауысып отыр. Бастауыш мектептерде сабақ беретін 81 мұғалімге де жұмыс табылады. Ал білім шаңырақтары бала саны артып, мектепті қайта ашу қажеттілігі туындағанға дейін жергілікті әкімдіктің балансына беріледі.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Апатқа ұшыраған ұшақтағы шұрық тесіктерге Ресей зымырандарының қатысы бар ма?
108 адамды сан соқтырған несие рәсімдеушілер құрықталды
Қарағандыда тағы екі жайлы мектеп салынды
Брокколи мен қырыққабат аллергияның алдын алады
Екі банктің байқауының жеңімпазы бір адам болып шықты
Паралимпиада чемпионы Давид Дегтярев үйленді
Алматы мен Қарағанды қалаларында үстел теннисінен ашық командалық чемпионаттың қорытынды кезеңі өтеді
2024-2028 жылдарға арналған қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасын іске асыру барысы қаралды
Алматыда шетел азаматы жолаушыларды заңсыз тасымалдаған
Алматыда «Біз қалай сөйлейміз?» кітабының тұсаукесері өтті
Қазақстанда жеке тасымалдаушыларға күнделікті медициналық және техникалық тексеруден өту бойынша жаңа талаптар күшіне енеді
Дубайда семсерлесуден Қазақстан құрамасының оқу-жаттығу жиыны аяқталды
2025 жылдың 2-тоқсанында «Штадлер Қазақстан» зауытында жолаушылар вагондары өндірісі іске қосылады
Алматыда заңсыз sim-box құрылғысымен шетелдік азамат ұсталды
Елімізде тәртіпті бұзған алты судья қызметінен босатылды
Алматы облысында алаяқтардың 200-ден астам сайты бұғатталды
Сенатор Нұрия Ниязова: "Медеу" мұз айдынына ерекше мәртебе берілуі тиіс
Қазақстанда жеңілдетілген әйелдер ипотекасы қайта іске қосылады
Қазақстан Bayraktar өндірісін қолға алмақ
Euronews: Ақтау маңындағы ұшақ апатына зымыран себеп болды
Қаңтар оқиғасы: Викрам Рузахуновты азаптаған полицейлерге үш жыл жаза сұралды
Атырауда арнаулы әлеуметтік қызметтер орталығының директоры сотталды
Диқандарға тікелей астық сатып алу бағдарламасы бойынша 3,4 млрд теңге төленді
Қоғамдық орындарда хиджаб кигендерге айыппұл салынуы мүмкін