Жетісу облысында 30 шақты тарихи-мәдени ескерткіш табылды

Археологтар Жетісу облысының Ақсу ауданында 30 шақты тарихи-мәдени ескерткіштің барын анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz. Тау шатқалдарындағы петроглифтер кешені, обалар, көне тұрақтар шағын құрамдағы экспедиция кезінде табылды. Сергей Ярыгин мен Николай Ильдеряков 2 жылдан бері Ақсу ауданын зерттеп келеді. Археология институтының ғылыми қызметкерлері қазір Қайрақкөл мен Күнгей тауын кезіп жүр. Сол жерден тапқан қос тамғаны олжасына балайды. Археологтардың айтуынша, таңба - меншік иесінің, қауымдастықтың және елдіктің белгісі."Белгілер ерте темір дәуірі мен орта ғасырларға жатады. Тамға белгілі бір территориялық аумақты оның иесі бар екенін айғақтайды немесе рәсім өтетін жерге салынады. Мына жерде қатар тұрған 2 белгі одақтың құрылғанын немесе келісім жасалғанын білдіреді", - деді Әлкей Марғұлан атындағы археология институтының жетекші ғылыми қызметкері Сергей Ярыгин. Петроглифтер кешені суреттің көптігімен әрі жақсы сақталғанымен ерекшеленеді. Көбіне онда жануарлар бейнесі мен аң аулау барысы сипатталған.Экспедиция барысында көне тұрақтар мен обалардың да бар екенін белгілі болды. 2 жылдың ішінде археологтар 30 шақты тарихи мәдени ескерткішті тіркеген. Арасында дәуір сабақтастығынан сыр шертетіндері де бар."Керуен бейнеленген суреттегі мына түйе қола дәуірінде салынған, екіншісі ерте темір дәуіріне жатады. Ал үшіншісі орта ғасырларда қашалған. Үшеуі де бір бағыттағы көшті көрсетіп тұрғандай", - деді Әлкей Марғұлан атындағы археология институтының  ғылыми қызметкері Николай Ильдеряков. Ғалымдар петроглифтар мен тамғалардың өлшемін алып, суретке түсіріп жатыр. Алдағы уақытта оны картаға енгізіп, кешенді зерттеу жұмыстарын жүргізбек.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Бывшыйым» артымнан қалмайды»: Коуч қыздарға абьюзер жігіттерден қалай құтылуды үйретті
2027 жылы Астанада бокстан әлем чемпионаты өтеді
“Жалған құжаттар жіберіліп жатыр“. ҚҰБ ескерту жасады
Мейірбек Сұлтанхан, ақын, «Алтын домбыра» иегері: Керегі мен кебегін халық өзі ажыратып алады
Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Словенияны жеңді
950 жылдық теңдессіз туынды
Қайтарымсыз грант нәтиже беруде
ШҚО-да электр қозғалтқыштары шығарыла ма
Ақтөбе облысында алимент төлемегендерге қылмыстық іс қозғалды
«Тамаша» туралы тамаша тарту
«Таза Қазақстан»: эко ғана емес, сана тазалығы
«Егеменнің елдік жолы»: басылымға – 105 жыл
«Бывшыйым» артымнан қалмайды»: Коуч қыздарға абьюзер жігіттерден қалай құтылуды үйретті
“Жалған құжаттар жіберіліп жатыр“. ҚҰБ ескерту жасады
Орталық Азия елдерінің ортақ диалогы
Астанада желілік мұз айдыны қашан ашылатыны белгілі болды
Өңірлер қуатты болса, мемлекет мықты
Ауыр атлетика: Артем Антропов – әлем чемпионы
Семейде Шәкәрім Құдайбердіұлының ескерткіші ашылды
Отшашуға толы Mercedes Benz жүк көлігі өртенді
«Ақшаға таласыпты»: Сырым Исабаев Қайрат Нұртас туралы шындықты айтты
World Boxing Астанада әлем чемпионатын өткізетін болды
5 пәкістандық шекарадан заңсыз өткені үшін сотталды
Күн аяздап, көктайғақ болады. Демалыс күндеріне ауа-райы болжам қандай?