Жетісу облысында ауруханаға ауырып барған үш бала жұмбақ жағдайда көз жұмды

Үшарал қаласының бір топ тұрғыны "Көреміз" бағдарламасынан араша сұрап келді. Айтуларынша, аудандағы жалғыз ауруханада балалар хирургы жоқ. Салдарынан аз уақыттың ішінде денсаулығына шағымданған 3 бала жұмбақ жағдайда қаза тапқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.Көз жұмған балалардың бірі – Айымның анасы дәрігерлер нәрестенің қандай дертке шалдыққанын ота жасау барысында ғана анықтады деп отыр. "Балам ауырып барғанда дәрігер ішін басып көрді де, "аппендицит қой" деді. Сосын мен "шыныңды айт, әйтпесе ішіңді кеседі" дедім. Сосын мен қызымның киімдерін апарсам, отаны жасап тастаған. Отадан соң бала оянды. Бірақ анализ алмаған. 5-күні космофер құйды, бала өзгеріп бастады. Мінезі басқаша болды. Қарсыласып, қырсығып бастады. Оны төрт сағат бойы құйған. Сол құйғаннан бала мүлдем тұрмаған",- деді анасы. Бағиза Мамырбаева да немересінің өліміне дәрігерлерді кінәлап отыр. "Немеремнің жасы 5-те еді. Бұған дейін еш жері ауырмады. Ауруханаға балам мен келінім апарды. Отадан соң бала оянған. Сөйлескенде жақсы болды. 6-сы күні ұлым үйге жылап келді. "Айсұлуды жедел түрде облыс орталығына апармаса болмайды" деді. Отадан кейін бұлай қалай болғанына таңғалдым. "Бала жетпей қалуы мүмкін" деп ескертті. Үшарал аудандық ауруханасының хирургі Жандос мырза ота жасады", - деді әжесі. Дәрігердің айтуынша, баланы отаға екі сағат дайындаған. "Баланы отаға кіргізер алдында екі сағат дайындадық, система салдық, анализдерін алдық. Орта есеппен 30 минут ота жасадық. Космофер сұйықтығын құйдық. Бірақ ол зиянсыз. Екі күн ғана салдық. Олардың гемоглабині көбею үшін арнайы көрсеткіш болады. Балада бастапқыда көрсеткіш жақсы болды. Балаға әрбір дәрі ата-анасының рұқсатымен салынады",- деді Жандос Құсайынұлы. Аурухананың орынбасары бала отадан таза шыққанын айтты. "Бұл бала отадан жақсы шықты. Ешқандай асқыну болған жоқ. Бұл ауру бауырға , бүйрекке басқа жерге әсер береді. Баланың миына әсер еткендіктен, бала көз жұмды. Дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін жасады", - деді аудандық аурухана басшысының орынбасары Дүйсенғали Сейтқалиұлы. Бүгінде оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалыпты.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Барселона» – Испания суперкубогының 15 дүркін иегері
Қазақстан және Қырғызстан стратегиялық диалогты нығайтады
13 қаңтарда ауа райы қандай болады
Биіктегі батылдық: Яан Роозе тағы таңғалдырды
13 қаңтарда ауа райы қандай болады
Испания Суперкубогы финалында “Барса“ “Реалды“ ойсырата ұтты
Францияда екі пойыз соғылып, 20 адам зардап шекті
«Қайрат қызғанбай ма екен?». Жұлдыз Әбдікәрімованың видеосы көпшілікті ойландырып қойды
Неліктен целлюлит әйелдерде жиі кездеседі?
«ҰБТ-ға көмектесіп жүр: Оқушыларға сабақ берген 93 жастағы кейуана көпшілікті тәнті етті (ВИДЕО)
Сочиде бір күнде екі рет жер сілкінді
Еліміз жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында тарихи нәтижеге қол жеткізді
СҚО-да жеке үйлердің бірінен өрт шықты
Қыста балық аулағандарға қандай жағдайда айыппұл салынады?
Ақтауда жеңіл көлік ойын алаңына соқтығысып, кішкентай баланы қағып кетті (ВИДЕО)
Актер Рүстем Жаныаманов Інжілді қазақша дыбыстауына не себеп болғанын түсіндірді
Жамбыл облысында сиыр құдыққа түсіп кеткен
Әзербайжан қызы Ақтаудағы ұшақ апатына ән арнады
Қазақстан және Қырғызстан стратегиялық диалогты нығайтады
Сандуғаш Кенжебаева Антальядағы жарыстың жеңімпазы атанды
XXXII қысқы универсиада: Қазақстан ерлер құрамасы Швецияны жеңді
Париж Олимпиадасында жүлде алған түрік мергені сұхбат үшін қомақты сома сұрады
«Қайрат Нұртас қызғанбай ма?»: Жұлдыз Әбдікәрімованың видеосы жұртты ойландырып қойды
Алматыдағы тәртіп сақшысының өлімі: оқиғаның видеосы пайда болды