Жетісу облысында әйелді туысы ұрып өлтірген

Жетісу облысында мас тұрғын көршісі әрі туысы болып келетін әйелді ұрып-соққан. Қатты соққы салдарынан жәбірленуші ауруханада көз жұмды, - деп хабарлайды Polisia.kz.Тергеу кезінде ер адам қамауға алынды. Бұл дерек Қаратал ауданында тіркелді."19 қыркүйекке қараған түні Жаңаталап ауылының 30 жастағы тұрғыны көптеген дене жарақатымен ауруханаға жатқызылды. Алған ауыр жарақат салдарынан әйел ес жимастан көз жұмды", - делінген полиция хабарламасында.Полицейлер әйел қарт анасымен бірге тұрғанын және қатты соққы салдарынан өміріне қауіп төндіретін дене жарақаттарын алғанын анықтады.Жедел іздестіру іс-шаралары барысында тәртіп сақшылары жәбірленушінің 43 жастағы ауылдасын ұстады. Ер адам көрші үйде тұрған және оның алыс туысы болып келеді. Қылмыстың себебі - екеуінің арасындағы жағымсыз қарым-қатынас. Олардың арасында жанжал туындап, мас ер адам әйелді соққыға жыққан. Қазір ұсталған адам қамауға алынды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Алматыда 12 желтоқсанда Абай даңғылы мен Сәтбаев көшесінде қозғалыс шектеледі
Алматы әкімдігінде Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау алдын ала қорытындыланды
Қаржаубай Нұрымовтың күйеу баласы 15 тәулікке қамалды
Алматы әуежайы жаңа тарифтерді жариялады
Трамп Си Цзиньпинді инаугурациясына шақырды
Қазақстанда цифрлық техника бағасы аспанға ұшты
Амилай қамауға алынды
Қаржаубай неге қаралды?
Қаржаубай неге қамалды?
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдің Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенкомен кездесті
Қазақстанның Жапониядағы елшісі тағайындалды
Әкесі жақсы қандайды
Алматы әкімдігінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің сыртқы талдау нәтижелері қорытындыланды
«Никольский» базарын шетелдіктерге сатып жібермек болғандар ұсталды
COVID-19 вирусы күллі әлем бойынша жеті млн-нан аса адамның өмірін жалмаған
Алматыда танымал дзюдошы Асхат Жіткеев сотталғандармен кездесті
Қазақ боксы өзбектен бір саты төмен тұр
Отандық дизайнер алматылық жастарға қолдау көрсетуде
Наурызбай ауданы қалай өзгеруде: аулаларды абаттандырудан бастап замануи жаяу жүргіншілер аймақтарына дейін
Өмірдің мәні неде?
Енді су үнемдейтін технологияларды пайдаланатын дихандар суармалы суға аз төлейді
Пластиктен сабын жасауға болады
Асату...
Теңгеден күш кетті...