Жетісу облысында бір ауылдың төрт көшесін су басып қалды.«Бүгін, 12 тамызда Жетісу облысының Ескелді ауданы Ешкіөлмес ауылында қатты жауған жауын-шашын салдарынан елді мекеннің төрт көшесінің аула аумағын су басып, еңіс ағыны орын алды», - деп мәлімдеді ТЖМ-нан. Оқиға орнында облыстық ТЖД күштері жұмылдырылған. Су басқан аумақтардың тұрғындарын ішінара эвакуациялау жүргізілуде. Бұл жерге Талдықорған қаласынан қосымша күштер жіберілді. Зардап шеккендер жоқ.