Жетісу облысында кәсіпкерлік нысандарын заңсыз тексерген екі полиция қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Олар Талдықорған қаласы мен Ескелді ауданының аумағында орналасқан 7 дәріханаға тексеріс жүргізіп, кәсіпкерлерге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы материалдарды фармацевтикалық бақылау саласындағы уәкілетті органға жолдаған. «Жетісу облыстық прокуратурасы бұл әрекеттің заңсыз екенін анықтап, тексеру іс-шараларының нәтижесін жарамсыз деп тапты. Кінәлі полицейлер тәртіптік жауапкершілікке тартылды»,- деп хабарлады қадағалау органынан.