Ал Жетісу облысында 5 мың тоннаға жуық қоқыс шығарылды. Экология апталығына 103 мыңнан астам адам атсалысқан. Оған қоса “Мөлдір бұлақ” науқаны аясында өзен-көлдердің аумағы тазарып, бұлақтардың көзі ашылды. Акция барысында облыс бойынша 29 мың түп ағаш егілді. Қуаныш СЕЙТІМБЕТОВ, ТАЛДЫҚОРҒАН ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: “Киелі мекен”, “Өнегелі ұрпақ” осы апталықтардың арасында біздер “Ардагер” паркімізді, қаламыздағы ескерткіштерді сырлау, тазалау жұмыстары жүргізілді. Көптеген жұмыс атқарылып жатыр, осыған атсалысқан қаламыздың белсенділеріне жалпы рақметімізді айтамыз!