Жетісу облысында ер адам азаматтық некедегі жұбайын балтамен жарақаттады. Жантүршігерлік оқиға Кербұлақ ауданындағы Шаған ауылында болған. Ерлі-зайыптылардың арасында алкогольдік ішімдік ішу кезінде жанжал туындаған. Ал оның соңы төбелеске ұласты. Зардап шеккен 54 жастағы әйел ауруханаға жатқызылды. Дәрігерлер науқаста көптеген жарақат пен дене сынықтарының барын анықтаған. Тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.Меруерт МОРЯКОВА, ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ: Ұсталған ер адамның айғақтарына сәйкес, ол жәбірленушіге балтамен зақым келтірген. Балта оқиға орнында табылып, іс жүргізілді. Қажетті сараптамаларды тағайындай отырып, тергеу амалдары ҚР ҚК 106 – бабы, яғни, «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бойынша жүргізіледі.