Жетісу облысында ерекше аяқ-киім тігетін цех бар

Жетісу облысы Кербұлақ ауданында ерекше аяқ-киім тігетін цех бар. Сапалы етіктерге қол жеткізу үшін жұрт көрші ауылдардан келіп, кезекке тұрады. Мұндағы барлық бұйым - 2ші топ мүгедегі Асхат Талғарбаевтың қолынан шығады. Ол аудандағы жалғыз аяқ-киім цехын басқарып, өзі сияқты жандарды жұмыспен қамтып отыр.Асхат Талғарбаевтың етік тігуді игергеніне 20 жыл болған. Ол еңбек жолын Мәскеуден бастап, кәсібінің қыр-сырын меңгеру үшін бүгінгі күнге дейін түрлі курстарға қатысып келеді. Асхат -түрлі қиындықтарға қарамастан мүгедектік мүмкіндікті шектемейтінін дәлелдеген азамат. Асхат ТАЛҒАРБАЕВ, АЯҚ-КИІМ ТІГУ ШЕБЕРІ: Осы кәсіпке келмес бұрын біраз қиналдым. Басында базардың жанында кішкентай дүңгіршек аштым. Сосын осы жерде кішігірім цех, 2017-де үлкен цех ашып жұмыс істей бастадым. Тапсырыстардың саны едәуір өсті. Біздегі етіктердің сапасы жақсы, таза былғарыдан тігеміз. Асхаттың цехынан адам үзілмейді. Келушілер жоғары сапаны айтып, шебердің қолынан шыққан бұйымдарға тәнті. Шеберханада таза былғары мен сиыр терісі, қой жүндері пайдаланады. Тұтынушылармен байланыс орнату үшін арнайы планшет қолданылады. Ілияс САРЫӨЗЕК, АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Качество жағынан әйбәт, жақсы. Адамға қолжетімді бағасы, өркендей берсін. Таза мехтан жасалған, қолдан тігілген бәрі. Китайский деп қорқамыз ғой бәрінен, өзіміздің көзімізде шығарылып жүрген заттар. 3 сезон киесің жоқ дегенде. Кербұлақ ауданында биыл 18 адам кәсіп ашу үшін қайтарымсыз грант ұтып алған. Кәсіпкерлердің ішінде Асхаттың шоқтығы биік. Адал еңбегінің арқасында қазір ол 3 адамды жұмыспен қамтып отыр. Айжан БАҚЫТЖАНҚЫЗЫБАҚЫТЖАНҚЫЗЫ, КЕРБҰЛАҚ АУДАНДЫҚ МАНСАП ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Өте еңбекқор, жауапкершілікті, өзінің жұмысына жақсы қарайды. Бұл кісіге алғысымыз шексіз, ризамыз. Бізге өткізетін құжаттарын да уақытылы орындайды, өткізеді. Негізі биыл аудан бойынша 965 жұмыссыз тіркелген, оның 660 жұмыспен қамтылды. Бұл кісі аудан бойынша мүмкіндігі шектеулі азаматтардың арасынан жұмыспен қамтып және жұмыс беруші болып табылады. Өзі осы бір-ақ адам. Асхат Талғарбаев биыл 1 млн 38 мың теңгеге қайтарымсыз грант ұтып, шеберханаға жаңа құрылғылар орнатқан. “Ендігі мақсат шағын, көшпелі құрылғыларды сатып алып, шалғайдағы тұрғындарға да қызмет көрсету”-дейді шебер.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Алматы құтқарушылары техникалық қызмет көрсету станциясындағы өртті сөндірді
«Тамаша» туралы тамаша тарту
«25 жылдан бері күресіп келемін»: Баян Алагөзова дертті болғанын айтты (ВИДЕО)
Тәуелсіздік – басты құндылық
Мұз қатып қалған көлік құлпын қалай ашуға болады
Маңғыстауда Тәуелсіздік күні қарсаңында 50-ден астам іс-шара ұйымдастырылады
Жүйрікте де жүйрік бар
Көктайғақ, тұман, бұрқасын: Алдағы үш күнге ауа райы болжамы жарияланды
Еңбеккерді қорғау – елдікті қолдау
Түркістанда 508 отбасы баспаналы болды
“Ұйқыны бұзатын тағамдар“. Қандай өнімнен бас тартқан дұрыс?
Ойланып алған несие орға жықпас
Қазақстан Тәжікстанға 1 млн тоннадан астам астық жеткізді
Гүлмира Қобыландина, пластикалық хирург: Табиғилықтан ауытқығанда, сұлулық сөнеді
Алматы құтқарушылары техникалық қызмет көрсету станциясындағы өртті сөндірді
Ақмола облысында екі бірдей өрт сөндірілді
10 жыл бойы іздеуде жүрген күдікті ұсталды
Орталық төңірегіндегі тартыс
Мейірбек Сұлтанхан, ақын, «Алтын домбыра» иегері: Керегі мен кебегін халық өзі ажыратып алады
Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Словенияны жеңді
950 жылдық теңдессіз туынды
Қайтарымсыз грант нәтиже беруде
ШҚО-да электр қозғалтқыштары шығарыла ма
Ақтөбе облысында алимент төлемегендерге қылмыстық іс қозғалды