Жетісу облысындағы Көксу ауданы Жарлыөзек ауылында пропан газы бар газ таситын көлік аударылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Жетісу облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Оқиға орнына жедел түрде ТЖМ Жетісу облысындағы бөлімшелер мен ұйымдар жіберілген.Автомобиль автокранның көмегімен өз дөңгелектеріне тұрғызылды. Барлық көтеру процесі төтенше жағдайлар қызметкерлерінің бақылауында болған.Балпық би ауылы № 4 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушілері пропан газымен толтырылған цистернаны көтеру барысында ұшқын пайда болмас үшін оған көбік шашып тұрды. Бұл қауіпті ұшқындардың пайда болуына және тиісінше автомобиль цистернасының жарылуына жол бермеді. Үйлесімді шаралардың арқасында қаза болған және зардап шеккен адамдар жоқ.