Жетісу облысында жол апатынан екі адам мерт болды

Жетісу облысында жол апатынан екі адам мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Жетісу облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, оқиға Алматы-Өскемен тасжолының 203 шақырымында, Көксу ауданында болған. «Volkswagen Passat» маркілі көлігін басқарып келе жатқан 41 жастағы азамат ұйықтап кетіп, жол бойындағы қоршауға соғылған. Соның салдарынан жүргізуші мен оның 39 жастағы жолаушысы оқиға орнында мерт болды. Тағы үш жолаушы жақын маңдағы ауруханаға жеткізіліп, медициналық тексеруден кейін амбулаториялық емделуге жіберілді. «Жол-көлік оқиғасы, болжам бойынша, жүргізушінің шаршап, көлік тізгіненде қалғып кетуіне байланысты болған. Құрметті жүргізушілер, жол ережесін сақтаңыздар, жылдамдықты шектен асырмаңыздар. Егер Сіз ұзақ сапарға шықсаңыз, сапар алдында жақсылап демалыңыз. Көлікті жүргізу кезінде басқа жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығы Сіздің қолыңызда екенін ұмытпаңыз», - делінген Жетісу облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Әлемдегі ең қарт адам қайтыс болды
Қытайда метапневмовирус өршуі коронавирустан да қауіпті екені рас па?
Өткен жылы еліміздің стационарларында 3,4 млн-нан астам науқас емделді
6 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Өткен жылы елдегі стационарларда 3,4 млн астам пациент емделді
Әлемдегі ең қарт адам қайтыс болды
Елордадағы емханаларда Face ID жүйесі енгізілді
“Бұл өнердің шегі жоқ“. Каллиграфия арқылы әлемдік брендтерге ұсыныс алған қазақ қызы
1 қаңтардан бастап Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы қанша теңгеге өсті?
Жаңақорған ауданында 124 отбасы баспаналы болды
Қысқы Универсиадада Қазақстан намысын қорғайтын спортшылар белгілі болды
Тұман, көктайғақ күтіледі: Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Универсиада-2025: Қазақстандық хоккейшілердің ойын кестесі белгілі болды
Әлемнің ең қарт адамы қайтыс болды
Жабық жолға шыққан жүргізушілерге қандай жағдайда айыппұл салынады?
Нұрқожа Қайпанов: «Шавкат Белал Мұхаммедті сенімді түрде жеңеді»
Лоторея, тіс протезі: Өткен жылы Алматыда жоғалған ерекше заттар
Күнбағыс майының алғашқы партиясы өңірлерге жөнелтіледі
“ЭКҰ арқылы босанды“. Өмірқұл Айниязов ел білмейтін құпиясын ашты
Ақтөбеде электр желілеріне мұз қатып, жарық сөнді
Елімізде 12 судья қызметінен босатылуы мүмкін
Өскеменде үй саламыз деп 102 азаматты алдаған күдіктілер ұсталды
Тұман, көктайғақ: 6 қаңтарға арналған ауа райы болжамы