Жетісу облысында жүк көліктерін тонаған қылмыстық топ ұсталды

Жетісу облысында ауыр жүк көліктерін тонаған 6 адамнан құралған топ ұсталды.Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы Жетісу облысы прокуратурасының үйлестіруімен Жетісу өңірі арқылы Алматы – Өскемен тас жолының бойымен транзитпен кетіп бара жатқан ауыр жүк көліктерінен мүлікті ұрлаумен айналысқан қылмыскерлерді анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. 10 шілдеде ұзақ және үйлесімді жұмыстың нәтижесінде алты адамнан тұратын топ ұсталды. Олар жүйелі түрде аса дөрекілікпен ірі партиялы жүк көліктерден түрлі тауарларды ұрлаған. Бұл топтың жұмысы ұрланған мүлікті сатуға дейін жақсы ұйымдастырылған. «Қылмыскерлердің бір схема бойынша әрекет еткені анықталды: олар түнде тас жолға шығып, фураның артында жүріп келе жатып, трассада жүк көлігі жылдамдығын бәсеңдететін және теңселмей жүретін жерлерді таңдамақ болған. Өз көліктерінің шамдарын алдын ала сөндіріп, көліктің шағылыстыратын элементтерін жапсырып қоюға тырысқан. Қарақшылар ауыр жүкке жақындап, онымен түйісу кезінде ілгегі бар арнайы жасалған баспалдақтың көмегімен жүк көлігінің төбесіне көтерілген. Екеуі жүк көлігінің төбесіне шығып, тенттің жоғарғы бөлігін кесіп, біреуі фураның ішіне кіріп, екіншісіне тауарды беріп отырды. Оның барлығы жол жиегіне лақтырылған. Біраз уақыттан кейін, сыбайластары ГАЗель автокөлігімен тауарларды жинауға кіріскен. Ұрланған заттарды сатуға Алматы қаласындағы таныстары көмектескен. Қазіргі уақытта бірнеше адамның бұл қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр», – деді Жетісу облысы ПД бастығының орынбасары Әбдікенов. Оларды ұстау кезінде Жетісу, Алматы облысының және Алматы қаласының аумағында 30-дан астам тінту іс-шарасы өткізілді. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру ҚР ҚК-нің 188-бабы 4-бөлігі (Қылмыстық топ жасаған ұрлық) бойынша жүргізіліп жатыр. Қазір күдіктілер қамауға алынды. Полицейлер басқа зардап шеккен адамдарды анықтау және ұсталғандардың ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеру жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қарағанды мен Павлодар облыстарының кейбір бөліктерінде жол қозғалысы шектелді
Астанадан 1 миллион текше метрден астам қар шығарылды
Қарағанды облысындағы тасжолдың бір бөлігі ауа райына байланысты жабылды
Бүгін тек бір қалада ауа сапасы нашарлайды
99 жастағы Малайзияның бұрынғы премьер-министрі жас көрінуінің құпиясын ашты
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Еліміздегі ардагерлік ұйымдар жастар тәрбиесіне басымдық беруде
Қарағандыда өрт шыққан ғимарат жарылып кете жаздады
Биыл қазақстандықтар МӘМС есебінен 1 млннан астам қымбат зерттеулерден өтті
Соғым FEST: Астанада өткен жәрмеңкеде фермерлер 100 тоннадан аса ет ұсынды
Батыс Қазақстан облысында жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды
“Сахнаға шығартпады“. Сырым Исабаевтың Қайрат Нұртаспен сыйыспай қалғаны рас па?
Фастфуд емес: ағзаның қартаюын тездететін тағамдар аталды
«Кабирханның інісі»: Дубайда өткен жарыста қазақ сәйгүлігі бірінші келді (ВИДЕО)
Абай облысында екі ауылдың 28 отбасы қоныс тойын тойлады
Көктайғақтан Қарағанды-Астана бағытында 700-тен астам көлік жолда тұрып қалды
“Аса қауіпті“. Қандай адамдарға моншаға баруға болмайды?
Ішімдікке сылқия тойып алған жас жігіт көлік ұрлап, жол апатын жасады
Теміртау маңында 700-ден астам көлік жолда қалып қойды
Ұйықтар алдында мандарин жеуге бола ма?
Қатты желден жүк көлігінің тіркемесі аударылып кетті
Астанадан 1 миллион текше метрден астам қар шығарылды
Жүрек ауруына әкеп соғады: жатын бөлмедегі жарық несімен қауіпті?
Алаш қозғалысының тарихына қатысты архив материалдарының жинағы жарық көрді