Жетісу облысының Көксу ауданында жылу қазандығы жарылып, бір жұмысшы қаза тапты.«1 сәуір күні сағат 8:52-де Көксу ауданы 10 жылдық Қазақстан ауылында жалпы ауданы 22 шаршы метр жылу қазандығы жарылды. Апат салдарынан оқиға орнында бір жұмысшы қаза тапты», - деп мәлім етті Көксу ауданының әкімі Мәрлен Көлбаев. Қаза болған жұмысшы 58 жаста. Бес баласы бар. Қазіргі уақытта қауіп жоқ. Жарылыстың себебі анықталып жатыр.