Жетісу облысында көлік апатынан 4 адам зардап шекті.Бұл факті Ескелді ауданындағы Ақын Сара ауылында болды. «21 маусымда ВАЗ-2114 автокөлігі аударылды. Оқиға кезінде жарақат алған 24-50 жас аралығындағы 4 ер адам ауруханаға жеткізілді. Алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үшеуі амбулаториялық емделуге жіберілді», - делінген Жетісу облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында. Ескелді аудандық полиция қызметкерлері көлік апатының мән-жайын анықтауда. Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.