Талдықорғанның шағын аудандарының бірінде бейтаныс адам автокөлікті өртеп жіберген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Жетісу облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Күдікті түнде көпқабатты үйлердің бірінің ауласында көлікке бензинді шашып, оны өртеп жіберген."Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Талдықорғанның жедел уәкілдерімен бірлесіп, көлікті өртеген, бұрын сотталған 49 жастағы ер адамды ұстады", - деді полиция департаменті бастығының орынбасары Елдар Әбдікенов.Күдікті қамауға алынды, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.