Жетісу облысында рульге отырған оқушы сәбиді мерт қылды

Жетісу облысында көлік тізгініне отырған оқушы 4 жасар баланы қағып, мерт қылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Қайғылы оқиға 23 сәуір күні кешке Сарқан қаласының көшелерінің бірінде болды. 4 жасар баланы «Хонда Одиссей» автокөлігі қағып кетті. Бүлдіршін аудандық ауруханада қаза болды. Белгілі болғандай, көлікті 15 жастағы оқушы басқарған. Сарқан ауданының полициясы аталған факті бойынша қажетті сараптамаларды тағайындай отырып, ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша (Абайсызда адам өліміне әкеп соққан көлiк құралын басқарған адамның жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр. Көлік арнайы тұраққа қойылды. Полиция көлікті басқаруды кәмелетке толмағандарға беруге қатаң тыйым салынғанын еске салады. Бұл талаптарды орындамау өлім мен жарақат түріндегі қайғылы жағдайға, сондай-ақ қолданыстағы заңнамаға сәйкес ауыр жазаға әкелуі мүмкін.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қуат Хамитов Нұрберген Шәріппен күресіп, әзер жеңді (ВИДЕО)
Қарағандыда жабылған жол учаскелерінде жүздеген көлік кептелісте тұрып қалды
«Басына тигені жақсы»: Гүлзира Айдарбекова үйінен айырылған Жұлдыз туралы сын айтқандарға жауап берді
Алаш қозғалысының тарихына қатысты архив материалдарының жинағы жарық көрді
Жаяу бұрқасын, көктайғақ болады: 15 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
ТЖМ құтқарушылары Жамбыл облысындағы өртті сөндірді
«Қыз үшін»: Париж Олимпиадасына қатысқан қазақ спортшысын сабап кеткен
Абай облысындағы тасжолда қатты жел жүк көлігінің тіркемесін аударып жіберді
Қарағанды облысындағы тасжолдың бір бөлігі ауа райына байланысты жабылды
«Басына тигені жақсы»: Гүлзира Айдарбекова үйінен айырылған Жұлдыз туралы сын айтқандарға жауап берді
Павлодар облысындағы алтын кеніште ер адам қаза тапты
Тәжікстанға 1 млн тоннадан астам астық экспортталды
Дәрі-дәрмек емдей ме?
Қарағанды мен Павлодар облыстарының кейбір бөліктерінде жол қозғалысы шектелді
Астанада кезекті жайлы мектеп ашылды
Парламент президентке импичмент жариялады
Футбол алаңынан саясат алаңына
Ақтөбе облысындағы жол апатынан 8 адам көз жұмды: жүргізуші кінәсін мойындады
«Өлсем, бәрі жеңілдейтін сияқты»: Енесі мен күйеуінен шаршаған танымал блогер мерт болды
Ауа райына байланысты Қарағанды, Павлодар облыстарында жол жабылды
Астана Орталық Азияда бірінші болып тұрақты дамудың халықаралық сертификатын алды
Павлодардағы «Майқайыңалтын» шахтасында жұмысшы қаза болды
Батыс Қазақстанда жаңа заманауи мектеп қолданысқа берілді
ТЖМ цифрлық форматта: ТЖ алдын алудың жаңа мүмкіндіктері