Жетісу облысында "Таза бейсенбі" акциясы аясында бір аптада 300 тонна қоқыс шығарылды

«AMANAT» партиясының "Таза бейсенбі" акциясына барлық өңір белсенді атсалысуда. Бүгін тазалық шарасы Ақмола, Павлодар, Жетісу облыстарында өтті. Ақмола облысында өткен тазалық акциясына «Amanat» партиясының өкілдері мен халық қалаулылары қатысты. Игі шараға жиналған белсенділер елдімекендерге барып аулаларды күл-қоқыстан тазартты. Мадияр АМАНГЕЛДИНОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚОРҒАЛЖЫН АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:Бүгін біз аманаттықтар Ақмола облысы бойынша әр ауданнан 19 ауданнан келіп Ақкөл ауданына атбасын бұрып отырмыз. Біздің мақсатымыз Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасымен "Таза Қазақстан" акциясы аясында әр бейсенбі сайын өзіміздің ауданымызда өзіміздің ауылымызда "Таза Қазақстан" акциясына белсене қатысудамыз.  «AMANAT» партиясының «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы Жетісу облысында да жалғасуда. Бүгін партияның Жетісу облыстық филиалының 1000-ға жуық мүшесі мен «Жастар Рухы» жастар қанатының белсенділері аумақтарды тазалауға шықты.Облыс бойынша қоқыс көп жиналған 113 учаске анықталып, арнайы карта әзірленді. Шараның бірінші аптасында 66 арнайы техниканың жұмылдырылуымен 300 тонна қоқыс шығарылса, екінші аптада 48 учаске қамтылды. 93 тонна қоқыс шығарылды. Осылайша қараусыз қалған жерлер тәртіпке келтірілді. Арыстанғали АРЫН, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:Басты мақсат -елімізді тазалықта ұстау, жанымызды тазалықта ұстау. Адал болу таза болу осындай бір мәдениетімізді жаңғыртып елдің ішінде осы тазалыққа бағытталған жақсылыққа бағытталған шараларды өткізу болып табылады Сондай-ақ, павлодарлық белсенді жастар, еріктілер, қоғамдық ұйым өкілдері, белсенділер және тұрғындар Усолка өзенінің жайылмасына шығып, қоқысты тазалады. Үш КамАЗ қалдық зат жиналды. Соңғы үш аптада облыста 40 тонна қоқыс шығарылған. Ризат РАХЫМЖАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:Бүгін біз өзе жайылмасын тазалап жатырмыз. Тұрғындар көп қоқыс тастайтынын тағы да көрдік, демалыстан кейін соңынан жинап кетпейді. Бүгін біз үш шақырымдай жаяу жүрдік. Атап айтқанда, біз рұқсат етілмеген жағажайларды қамтыдық. Партия өкілдері «Таза бейсенбі» акциясы жалғасатынын айтты. Қоршаған ортаны таза ұстау, экологияны жақсарту- баршаға ортақ міндет.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Мәжіліс депутаты Павел Казанцев Станислав Черчесовті жан-тәнімен қорғап, жанкүйерлерді айыптады
СҚО мен Шэньси провинциясы 93 млрд теңгеге меморандумға қол қойды
Шығыс Еуропа Кубогы: қазақстандық шаңғышылар алғашқы күнінде алты медаль жеңіп алды
СҚО мен Шэньси провинциясы 93 млрд теңгеге меморандумға қол қойды
“20 миллиондық торт“. Блогер Дархан жұбайының тойына қанша ақша кеткенін айтты
Қоғамдық орында кальян шеккендерге 25 млн теңге айыппұл салынды
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Елімізде сұйытылған газдың көтерме бағасын сақтау жоспарланып отыр
«Балалар қараңғыда қайтады»: әнші Жазира Байырбекова бұрынғы сағатты қайтаруды ұсынды
Көкшетауда өрт кезінде бір адам құтқарылды
Түркістан облысында түрме офицерін үш бастығы ұрып-соққан
Президент Украина төңірегіндегі жағдайдың ушығуына байланысты тапсырма берді
Президент Украина төңірегіндегі жағдайдың ушығуына байланысты шұғыл шара қабылдауды тапсырды
Украина төңірегіндегі жағдай ушықты: Тоқаев тапсырма берді
«Ерке Есмаханның бір бөлшегі сіздермен бірге болады»: әнші оқырмандарын қызықтырып қойды
Тоқаев Украина төңірегіндегі жағдайдың ушығуына байланысты тапсырма берді
Жаңа жылда неше күн демалыс бар?
Азия чемпионатына баратын боксшылар белгілі болды
Шығыс Еуропа Кубогы: қазақстандық шаңғышылар алғашқы күнінде алты медаль жеңіп алды
Өрт шыққан үйде қалып қойған көкшетаулық тұрғын құтқарылды
Ақпан айында айқасайық! Жәнібек Әлімханұлы Канелоға жекпе-жек уақытын ұсынды
Yandex Qazaqstan компаниясының басшысы тағайындалды
Бірнеше өңірлерде дауылды ескерту жарияланды
Тұман, қалың қар, көктайғақ: 19 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды