Полицейлер із-түссіз жоғалған жігітті тапты, деп хабарлайды Polisia.kz. 9 сәуірде 20 жастағы жігіттің жақындары Ескелді ауданының полициясына ұлының жоғалып кеткені жайлы арызданды.«18 маусымда жоғалған жас жігіттің орналасқан жері анықталды, ол Алматы қаласында болған. Полицейлердің жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде жоғалған жігіт аман-сау ата-анасына тапсырылды», – деп атап өтті Ескелді АПБ бастығының орынбасары Исатай Қаинбаев.