Жетісу облысы Жаркент қаласында жантүршігерлік жол апаты болды. Toyota Camry жеңіл көлігінің жүргізушісі жол жиегінде тұрған Volvo жүк көлігімен соқтығысқан. Соққы кезінде жанармай багы зақымдалып, өрт шыққан. Екі машина да жанып кетті. 37 жастағы жапон автокөлігінің жүргізушісі қаза болды.Меруерт МОРЯКОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ: Аталған факт бойынша қажетті сараптамаларды тағайындай отырып, ҚР ҚК-нің 345-бабының 3-бөлімінде көзделген тергеу амалдары басталды. Яғни, көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекеті бойынша.