Жетісу облысында қызылшамен ауырғандар саны азамай отыр. Жұқпалы дерт балалар арасында өршіп тұр.Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің мәліметінше, өңірде қызылшамен ауырған науқастың саны 345 адамға жеткен. Оның ішінде 15 мектеп оқушысы бар. Аймақтағы 8 мектептен және тағы 8 мектепке дейінгі тәрбие беру ұйымынан жұқпалы дерттің ошағы анықталған - Сырқаттанудың жоғары деңгейі Талдықорған қаласында, Алакөл, Панфилов аудандарында байқалады. Қазір жұқпалы ауру 8 мектепте тіркеліп, 15 оқушы ауырып қалды. Ал 8 мектепке дейінгі тәрбие ұйымдарындағы 10 баладан қызылша белгісі табылды. Өңірде қызылшаға қарсы жаппай қосымша иммундау жүріп жатыр, - дейді Жетісу облысы санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті басшысының орынбасары Индира Күнбасова.