Жетісуда ескі үйлердің сырты жаңарады

Талдықорғанда 1950-1960-жылдары салынған көпқабатты тұрғын үйлердің шатыр жабындыларын ауыстырып, қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіледі.Бүгінде облыс орталығында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің қасбетін ретке келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы қалалық тұрғын үй инспекция бөлімі мәлімдеді. Атап айтқанда биылғы жылы 10 көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеттері жөндеуден өтіп, ретке келтірілетін болады. Бүгінде «Болашақ» және «Көктем» шағын аудандарында жұмыстар басталып, кезең-кезегімен қазан айына дейін жалғасады. Былтыр 13 көпқабатты тұрғын үйдің шатыр жабындыларын ауыстырған едік. Осы жылы 28 тұрғын үйдің шатыр жабындысын ауыстыруды жоспарлап отырмыз. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу порталында конкурс жарияланды. Мердігер мекеме анықталғаннан кейін жөндеу жұмыстары басталатын болады. Бұл жұмыстарды жүйелі түрде жыл сайын жалғастырмақпыз. Қаланы көркеюіне бәріміз бірлесе күш салғанымыз абзал. Оның үстіне тұрғындардың да пікірі ескеріледі, - деді қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Мақсат Саданов. Оған қоса қала аумағында өткен ғасырдың 50-70-жылдары салынған көпқабатты тұрғын үйлердің шатыр жабындыларын ауыстыру, қайта жаңғырту жұмыстары да қолға алынады. Өткенде қатты жауын-шашын салдарынан бірнеше тұрғын үйдің төбесіне су ағып, халық әбіргерге түскен еді. Қуанып отырмыз, қаламыздағы көпқабатты үйлердің сырты әбден тозған. Соны қайтадан сәндеп, заман талабына сай жабдықтаса жақсы болар еді. Әсіресе Назарбаев көшесінің бойындағы үйлер ескіріп барады. Алматыдағыдай қызылды-жасылды етіп боялса, керемет көрінетін еді. Біркелкі емес, - дейді қала тұрғыны Фарида Сағадиева.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Тоқаев Путиннің мәлімдесінен кейін түн ішінде шұғыл тапсырма берді
«Балалар қараңғыда қайтады»: әнші Жазира Байырбекова бұрынғы сағатты қайтаруды ұсынды
Жаңа жылда неше күн демалыс бар?
СҚО мен Шэньси провинциясы 93 млрд теңгеге меморандумға қол қойды
“20 миллиондық торт“. Блогер Дархан жұбайының тойына қанша ақша кеткенін айтты
Қоғамдық орында кальян шеккендерге 25 млн теңге айыппұл салынды
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Елімізде сұйытылған газдың көтерме бағасын сақтау жоспарланып отыр
«Балалар қараңғыда қайтады»: әнші Жазира Байырбекова бұрынғы сағатты қайтаруды ұсынды
Көкшетауда өрт кезінде бір адам құтқарылды
Түркістан облысында түрме офицерін үш бастығы ұрып-соққан
Президент Украина төңірегіндегі жағдайдың ушығуына байланысты тапсырма берді
Президент Украина төңірегіндегі жағдайдың ушығуына байланысты шұғыл шара қабылдауды тапсырды
Украина төңірегіндегі жағдай ушықты: Тоқаев тапсырма берді
«Ерке Есмаханның бір бөлшегі сіздермен бірге болады»: әнші оқырмандарын қызықтырып қойды
Тоқаев Украина төңірегіндегі жағдайдың ушығуына байланысты тапсырма берді
Жаңа жылда неше күн демалыс бар?
Азия чемпионатына баратын боксшылар белгілі болды
Шығыс Еуропа Кубогы: қазақстандық шаңғышылар алғашқы күнінде алты медаль жеңіп алды
Өрт шыққан үйде қалып қойған көкшетаулық тұрғын құтқарылды
Ақпан айында айқасайық! Жәнібек Әлімханұлы Канелоға жекпе-жек уақытын ұсынды
Yandex Qazaqstan компаниясының басшысы тағайындалды
Бірнеше өңірлерде дауылды ескерту жарияланды
Тұман, қалың қар, көктайғақ: 19 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды