Жетісуда үшем дүниеге келді

Жетісу өңірінің тұрғыны үшем дүниеге әкеліп, көп балалы ана атанды. Бұл облыс құрылғаннан бері өмірге келген алғашқы үшем. «Аңсаған Сәби» мемлекеттік бағдарламасы талдықорғандық келіншекке қайта ана атануға көмектесті.Аталған бағдарлама аясында облысқа өткен жылы экстра корпоралды ұрықтандыру процедураларына арналған 221 квота бөлінсе, биыл 217 квота берілген. Үшем 10 қаңтар күні Талдықорған қаласындағы облыстық перинаталдық орталықта кесарь тілігі арқылы дүниеге келді. 31 аптада туған нәрестелердің салмағы небәрі 1400-1850 грамм болды. Олардың бойы 39-41 сантиметр шамасында. Дәрігерлердің көмегінің арқасында сәбилер салмақ қосып, бүгін перзентханадан аман-есен шығарылды. Қыздың атын ата-аналары Зейнеп, ұлдарына Зейін мен Зейнұр қойған. «30 апта 5 күн дегенде сәбилер өмірге келді. Балалар шала туылды: екі ұл және бір қыз, салмағы 1800, 1850 және 1400 грамм. Нәрестелер туғаннан кейін бірден жансақтау бөліміне жатқыздық, себебі жағдайы ауыр, үш күн аппаратта болды. Барлық қажетті медициналық процедураларды өткізіп, олар медбикенің екінші кезеңіне ауыстырылды. Ал, бір айдан сәл астам уақыт өткенде, сәбилерді үйіне жібердік. Олардың шығарылған кездегі салмағы қазірдің өзінде 1800 және 2100 грамм болды», дейді штаттан тыс неонатолог, Талдықорғандағы облыстық перинаталдық орталықтың бөлім меңгерушісі Данияр Расулов. Жас жұбайлар 28 жастағы Самал Аманжолова мен 33 жастағы Ернұр Дүмбергенов 10 жасар қыз тәрбиелеп отыр. Қазір оның 2 інісі мен қарындасы бар. «Бұл жоспарлы, көптен күткен балалар. Үшемді дүниеге әкелетінімізді УЗИ арқылы білдік. 10 жасар қызымыз бар. Осыдан кейін бірнеше жыл бойы жүкті болу мүмкін болмады. Біз екі жыл емделдік, содан кейін екі рет ЭКҰ жасадық. Жүктілік жақсы өтіп жатты, бірақ 7 айда асқынулар басталып, шұғыл түрде кесарь тілігін жасатуға тура келді. Ота жасаған дәрігерім, акушер-гинеколог Рахметова Зейнегүл Бейсенғалиқызына мың алғыс. Операция үстелінде жатқанда мен қатты қорықтым» - дейді көпбалалы ана.Оның айтуынша, дәрігерлер білікті болмағанда балалардың аман-сау қалуы екіталай еді. Қан қысымы көтерілгенде мамандар мотивация беріп, келіншектің бар жағдайын жасаған. Сол үшін балалардың әкесі кішігірім сый-сияпат жасады. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері де отбасын қуанышпен құттықтап, емделуге арналған балалар киімдерінің жиынтығын табыс етті. Облыстық перинаталдық орталықтың бөлім меңгерушісі Зейнегүл Бейсенғалиқызы атап өткендей, өзінің дәрігерлік тәжірибесінде бұл үшінші үшем. «Резидентураны бітіргеннен кейін Алматыда бір жыл жұмыс істедім. Осы уақыт ішінде екі рет үшемдерді дүниеге әкелген әйелдерді босандырдым. Менің Талдықорған қаласындағы облыстық перинаталдық орталықта жұмыс істеп жатқаныма 5 жыл болды. Жалпы дәрігерлік тәжірибем 10 жылға жуықтады. Босандыру қиын болды, бірақ ортақ күш-жігермен бәрі ойдағыдай болды» - дейді перинаталдық орталықтың бөлім меңгерушісі. Ресми дерекке сенсек, жыл басынан бері Жетісу өңірінде 977 бала дүниеге келген. Олардың ішінде үшеуі егіз.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақтанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Кілтіңізді көршіңізге қалдырмаңыз!
Елімізде су тасқыны кезеңіне дайындық қалай
Кілтіңізді көршіңізге қалдырмаңыз!
Көпбалалыларға жаңа салықтық жеңілдіктер енгізілді
Меркідегі "мереке"
Сыбайлас жемқорлықпен күрес – баянды болашақтың кепілі.
Сатыбалдыға қатысты сот шешімі өзгеріссіз қалды
Қасым-Жомарт Тоқаев: Метапневмовирусқа байланысты даурығудың қажеті жоқ
Шамадан тыс тамақтану жүректің жұмысын қиындатады
Қасым-Жомарт Тоқаев Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Студенттер үйіне барды
Таразда мас ер адам күзетшімен төбелесіп, полиция қызметкерін жарақаттаған
«Үйдегі төртінші ұл»: Алматыда алып сәби дүниеге келді
АМӨЗ зауыт үстіндегі “қара бұлтқа“ қатысты түсінік берді
Сауда биржасында доллар бағамы өсті
Мәжіліс депутаттары Петропавл қаласындағы бөгетті қалпына келтіру жұмыстарымен танысты
Алматыда Ілияс Есенберлиннің 110 жылдығына арналған көрме ашылды
Өлі-тірісіне қарамай қайтарамыз - ХАМАС Израильмен келісімге келген жағдайда тұтқындары босатпақ
Мемлекет басшысы QazSwimAcademy спорт орталығының жұмысымен танысты
Антикор негізсіз жұмсалмақ болған 55 млрд теңгені бюджетке қайтарды
Алдағы күндері Алматыда 25 градус аяз болады – ауа райы болжамы
Қазақстандық фильм Үндістанда екі аталым бойынша жүлде алды
Маңғыстауда мектеп оқушыларының жаппай улануы: іс сотқа жетті
Ақмола облысында өткен ғасырдың ортасында салынған бөгет жөнделіп жатыр