Жетісулық отбасы бес ғасырлық мұраны сақтап келеді

Әр жанұяның өз ерекшелігі және отбасылық құндылықтары болады. Талдықорған қаласындағы Андас әулеті 5 ғасырдан бергі құнды жәдігерлерді сақтап, бүгінгі ұрпаққа жеткізген. Көне ертоқым, бүркіттің тұмсығы, ат әбзелдері бұл әулетте ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып беріледі. Әулеттің отанасы Әуезхан апа бұйымдарды елге алып келу үшін 99 рет шекара асқан. Андас әулеті бес ғасырдан бергі ата-бабаларымыздың қолданған жәдігерлерін сақтап, бүгінгі күнге жеткізген. Халық шығармашылығы мен қазақ ауыз әдебиетін зерттеуге ден қойған отбасының анасы Әуесхан Мажайқызы- 72 жаста. Айтуынша, қазір жастарға дәріптеп отырған қолда бар дүниенің барлығын Алтайдың ар жағынан Қытайдан көшкенде атамекенге алып келген. Әуезхан АНДАС, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Қазақ халқы ұлттық дәстүрді сақтаудың арқасында осы дәрежеге жетті. Енді бұдан кейінгі жерде де осы ұлттық мұраларды сақтап кейінгі ұрпақтарға үйретіп, жалғастырсақ біздің мемлекетіміз ғасырдан ғасырға жалғасады деген ойдамын. Андас Омарқын қария 2015 жылы дүниеден озса да ұрпақ есінде мәңгіге қалатындай қызмет жасап, өнегелі ұрпақ тәрбиелеген. Тарихта есімі қалар жан өз заманында суырып салма айтыскер, жазба ақын және тарихшы болды. Әулеттің үлкен ұлы Қажет Андас 2005 жылы Қытайдан көшіп келген. Кейін артынан біртіндеп бауырлары да ата жұртқа қоныс аударған. Қажет АНДАС, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Біз бір үйде 7 баламыз. 4 ұл, 3 қызбыз. Негізінен 8 баламыз. Менен кейінгі бауырым әкемнің әпкесіне берілген, сол кісінің тіркеуінде. Бұл кісілер енді үлкен кісілер ғой. Аталарының аруағын сыйлайды. Содан көп айта бермейді. Бәріміз шетімізден оқыдық. Қазір біздің бір әулеттен 6 ғылым магистрі шығып отырмыз. Аталмыш әулет тек жәдігерлерді сақтап қана қоймайды. Қазақ руханиятына арналған 44 кітап жарыққа шығарған. Сонымен қатар, үш атадан бергі қолжазбаларды ұқыптылықпен сақтаған. Отбасының ендігі мақсаты- жеке отбасылық ғылыми шығармашылық қолөнер мұражайын ашу.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Көзімнің тірісінде күйеуге шыққанын көргім келеді»: Мақпал Жүнісова арманын айтты
Алматыға жақын маңда жер сілкінді
Алматыға жақын жерде жер сілкінді
«Көзімнің тірісінде күйеуге шыққанын көргім келеді»: Мақпал Жүнісова арманын айтты
Алматыға жақын маңда жер сілкінді
ММА-дан әлем чемпионаты: Ақтөбелік полицей финалда техникалық нокаутпен жеңіске жетті
Алматыдан 88 шақырым аумақта жер сілкінді
Алматы маңында жер сілкінді
Ер адамдар неге көзге шөп салады? Психолог жауабы
Қазақстан құрамасы шайбалы хоккейден Олимпиадаға іріктеу кезеңін жеңіспен аяқтады
Ақмола облысында тұрғын үй өртенді
Көктөбеде мерекелік рух асқақтап тұр
Бақыт Сәрсекбаев: "Олимпиаданы жеңгенде өзбектер қатты өкінді"
Елордада бір сәтте 700 оқушы патриоттық әнді шырқады
Тар киім кию қатерлі ісіктің пайда болуына әкелетіні рас па?
2025 жылы туристер үшін ең қауіпсіз болатын 7 ел
Павлодар облысында жылыту пункттері 10 мың адамды қабылдауға дайын
Ауа райының бұзылуына байланысты Түркістан, Жамбыл облыстарында жол жабылады
Алматыда Шыңғыс Айтматовтың туған күніне орай дөңгелек үстел өтті
Айгүл Иманбаева күйеуінің қалай еркелететінін айтып мақтанды
Қазақстандықтар Мальдив аралдары мен Тайландқа саяхаттаудан рекорд жаңартты
Ауа райына байланысты бірнеше өңірде жол жабылды
Алматыдағы психиатриялық орталықтағы қылмыстық іс бойынша сот жалғасуда
Шыңдағы рух күші: алматылық оқушылар Тәуелсіздік күнін шыңда атап өтті