Жезқазғанда 5 жасар балдырған көлікпен бірнеше адамды соғып кетті

Жезқазғанда 5 жасар бала көлікпен бірнеше адамды соғып кетті. Жол көлік оқиғасынан 4 жаяу жүргінші зардап шеккен. Оқыс оқиға “Гранд Палас” ресторанының алдындағы жолда болған. Көлікте өзі жалғыз қалған бүлдіршін көліктің тежегішін ағытып жіберіпті. Салдарынан машина артқа қарай жүріп кетіп тротуарда тұрған бір топ адамды соққан. Жезқазған облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, бір жаяу жүргінші қатты жарақаттанғандықтан ауруханада жатыр. Қалғандары және баланың өзі амбулаториялық ем қабылдауда, олардың жарақаттары орташа және жеңіл. Ал полиция қылмыстық іс қозғаған. Баланың әкесіне қандай шара қолданылатыны сараптамадан соң анықталмақ. Асхат ДҮЙСЕМБЕКОВ, ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:“Тұрақта тұрған авкөлік, “Мазда” автокөлігі жүргізушісіз тежегіштен шығып кетіп артқа жүру салдарынан + соқтығысқан. +Полиция органдарымен қазіргі күнде тергеу амалдары жүргізілуде. Заңды шешім қабылданатын болады.”.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Абай облысында жиһаз цехы өртенді
Білім беру депозитін онлайн қалай ашуға болады?
Жыл қорытындысы: «Таза Қазақстан» экология болашағы үшін миллиондаған адамды біріктірді
Алматылық студенттер Маңғыстау тұрғындарының 133 миллион теңгесін қағып түскен
Үкімет басшысы инфрақұрылымның тозуын төмендету жолдарын атады
Күрестен халықаралық турнир аяқталды
«Біз монополист емеспіз»
Тағы бір креативті хаб Ұлытау облысында ашылды
Шерзат Болаттың әкесі бостандыққа шығады
Шыршаны безендіру дау-дамайдан кейін Семейде әкім ауысты
Мемлекет басшысы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады
«Орда» деп барып опық жеді
Қазақстан Климаттық инвестициялық қордың (CIF) таза технологиялар қоры (CTF) комитетінің мүшесі болып сайланды
Картоп көш бастап тұр...
«Халықтың экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасы» бекітілді 
ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: Алматы қаласы үшін тұрақты көлік қаңқасын қалыптастыру
Минскіде Қазақстан мен Беларусь Бас штабтарының басшылары кездесті
Жасыл технологиялар – болашақтың негізі
Елімізде 70 жыл бұрынғы температура рекорды жаңарды
Депутат: Аспанның құдайы - Air Astana
Отау құрудан Алматы көш басында
Жұмыс орнында қызметкерлердің орындықпен қамтамасыз етілуі заңмен қадағаланады
Денсаулық сақтау министрі Алматы жұртшылығымен кездесті
35 градус аяз күтіледі