Жезқазғанда 5 G желісі іске қосылады

Жезқазған қаласында 5 G желісі іске қосылады. Бүгін Ұлытау облысының әкімдігі мен «Қазақтелеком» арасында өңірде байланыс пен интернетті дамыту бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Бұл құжат өңірдегі байланыс пен интернетке қолжетімділікті жақсартуға мүмкіндік бермек. Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы «Қазақтелеком» Акционерлік Қоғамының басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеевпен өткен кездесуде өңірде интернеттің әлсіздігі ең өзекті мәселелердің бірі екенін атап өтті. Тас жолдардың бойында мүлде байланыс жоқ. Әсіресе Қызылорда мен Арқалыққа барар жолдағы шалғай ауылдардың тұрғындары байланыстың жоқтығынан қиындық көріп отыр. Қолайсыз ауа райында далада адам жоғалу, із- түзсіз кеткендерді табу қиынға соғады,- дейді аймақ басшысы. Ғаламтор желісінің нашарлығынан мектепді цифрландыру да оңай болмай тұр. Бүгін қол қойылған байланыс пен интернетті дамыту бойынша екіжақты меморандум осы проблемаларды шешуге септігін тигізбек. Берік ӘБДІҒАЛИҰЛЫ, ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Ең алдымен Қызылорда мен Арқалық жаққа мән беру керек. Қызылордада жол жөнделе бастайды, ал Арқалық жақта үнемі боран соғып, көліктер жолда тұрып қалады, еш байланыс жоқ. Сондықтан техника жіберіп адамдарды іздеп жүреміз. Бір адам кетеді, із- түзсіз жоқ, төтенше жағдай қызметінің техникасын жіберуге тура келеді. сондықтан ең алдымен байланыс орнату қажет. «Қазақтелеком» АҚ 5 G технологиясын іске қосып, 2025 жылға қарай Жезқазған қаласының желілерін сапалы талшықты- оптикалық байланысқа көшірмек. Мектептерде интернет жылдамдығын арттыру үшін арнайы сараптамалық топ құрылып қажетті іс- шаралар жоспарын бекітетін болып келісті. Қуанышбек ЕСЕКЕЕВ, «ҚАЗАҚТЕЛЕКОМ» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ: «Жаңа оптика-волокно деген сондай қызметті біз салып жатырмыз. Жаңа технология, GPON сияқты, 5 мың абонент GPON – мен қосылған. GPON оптика үйге кіргізілген. Жаңа үйлер салынып жатыр, жылдың аяғында 14 үй жаңа желіге қосылады». Қазіргі таңда Ұлытау облысында 30 ауылда не ұялы байланыс, не ғаламтор жоқ. Меморандум аясында 5 G бекеттерін 20- ға дейін ұлғайту жоспары бар. Сондай- ақ Арқалық және Қызылорда бағыттарында 1 жылда 12 мачт, байланыс антенна – діңгектері орнатылады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Мүфтияттың Ғұламалар кеңесі квадроберлерге қатысты үкім шығарды
Сыбайлас жемқорлардың аты-жөні енді жария тізілімде болады
Жамбыл облысында оқушыны өлтірген үш жасөспірімге сот үкімі шықты
Қазақ радиосының сандуғашы Сауық Жақанова туралы кітаптың тұсаукесері өтеді
Бұрынғы президент «Ұлт әкесі» деген атаққа ие болды
Бұрынғы президент «Ұлт әкесі» жаңа атаққа ие болды
Қара жәшік Қазақстанға жетті
Жамбыл филармониясына – 90 жыл
Маңғыстау облысында алып сәби дүниеге келді
Астанада осы демалыс күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Астанада кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Ақтөбе облысында аудан ауруханасына жаңа жабдықтар берілді
Балжан Бидаш бұрынғы күйеуі Жахан Отарғалиевтің үйленуіне қатысты ойын айтты
Израиль мен ХАМАС қақтығысты тоқтатуға келісті - Reuters
Елордада 200-ге жуық мектеп оқушысы жұмысшы мамандығы бойынша диплом алады
Алматыда полиция бұзақыны қолға түсірді
Алан Құрманғалиев үстел теннисінен WTT Youth Contender турнирінің негізгі кезеңіне жолдама алды
Жітіқарада үйі өртеніп, бес баласынан айрылған әйел сотталды
«Қалағанынша бақытты болуға лайықты»: Балжан Бидаш экс-күйеуінің үйленуіне қатысты ойын айтты
Бір донор бірнеше адамның өмірін сақтап қала алады
Анастасия Городко Қазақстанға Универсиаданың екінші алтын медалін сыйлады
Қазақстан студенттері фристайл-могулдан Дүниежүзілік қысқы универсиадада үздік нәтиже көрсетті
Ақмола облысында 80 отбасы жаңа баспанаға қоныстанды
Ақмола облысында мас танысының атына заңсыз несие рәсімдеген күдікті ұсталды