Жезқазғанда "ақылды" аулалар пайда болды

Жезқазған қаласында "ақылды" аулалар пайда болды. Көпқабатты үйлердің аулаларына, балалар алаңдарына жаппай бейнебақылау камералары орнатылып жатыр. Енді шаһар көшелерін полиция бақылай алады. Билік өкілдері осылайша қалада тәртіпсіздік пен қылмыс азайып, қауіпсіздік күшеяді деген сенімде. Ұлытауға облыс мәртебесі берілгелі «Ақылды аула» жобасы жүзеге асырыла бастады. 1 жарым жылда Жезқазған қаласында 60- тан аулаға бейнебақылау камерасы орнатылды. Жаңартылған ойын алаңдары енді тәулік бойы бақылауда. Бақылау камераларындағы бейнежазбаларды жедел бақылау орталығының мамандары қадағалайды. Нұрек ӘУЕЗОВ, ҚАЛАЛЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ: Бүгінгі күні Жазқазаған қаласы аумағында «ақылды аула» жобасы аясында 66 аулаға 4 жерден бейнебақылау орнатылған. Ағымдағы жылдың бірінші қарашасына дейін тағы да 25 аулаға бейнебақылаулар қою жоспарланған. Бұл бейнебақылаулар жедел басқару орталығына қосылған. Осы балалар ойыны алаңында құқық бұзушылық бола қалса немесе қоқыс алаңдарына қатты тұрмыстық қалдықтарды біреулер төгіп кетсе полиция басқармасы азаматтары тиісті шара қолдану үшін, жұмыстарын жеделдету үшін қарастырылған. Жаңа цифрландыру жобасы ата-аналарға қатты ұнап жатыр. Өйткені аулада ойыншықтарды сындырып немесе алаңға қоқыс лақтырып кететін бұзақылар аз емес. Оны былай қойғанда балаларды алаңсыз аулаға шығаруға да қорқатын. Бауыржан ДӘМЕБАЕВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: «Осы жерде міне күнделікті ұлыммен шығып ойнаймыз. Жақсы площадка юір- екі ай болды орнатқанына. Қауіпсіздіктеріне жақсы шығар. Неше түрлі жаңалықтар болып жатыр. Неше түрлу адамдар бар. Балаларды ұрлап жатыр. Жаңа площадкалар көп болып камераларды көп қойған дұрыс енді қауіпсіздікке өте жақсы деп ойлаймын ». Еркебұлан СМАЙЫЛОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: «Қауіпсіз болғаны жақсы ғой. Жан- жақтан камера жүйесі бақылау болса жеңілдеу болады. Балаларды жіберіп айналада қарап отыруға болатын шығар». Биыл қаладағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге 200 млн теңге қаржы бөлінген. Бұл сомаға жыл соңына дейін тағы 191 бейнебақылау камерасын орнату жоспарланып отыр. Сөйтіп қалада барлығы 800-ден астам камера жұмыс істеуі тиіс. Сонымен қатар мектептердің кіре берісіне арнайы турникеттер орнатылып жатыр. Бұл- енді білім мекемелеріне бөтен адамдар кіре алмайды деген сөз.

Читать источник astanatv.kz/kz/
ШҚО-да электр қозғалтқыштары шығарыла ма
Орманшы болу оңай жұмыс емес
"Реал" шабуылшысы Килиан Мбаппе жарақат алды
Елде полиция күшейтілген режимге көшті
Сырым Исабаев өнерден не себепті алыстап кеткенін айтты
«21 жерден пышақ салған»: Семейде жас жігітті азаптап өлтірген тұрғын сотталды
Жетісуда қар құрсауында қалған екі адам құтқарылды
Жетісу облысында екі адам қар құрсауынан құтқарылды
“Тәуелді болғым келмеді“. Сырым Исабаева өнерден алыстау себебін түсіндірді
“Тәуелді болғым келмеді“. Сырым Исабаев өнерден алыстау себебін түсіндірді
Орманшы болу оңай жұмыс емес
Хореография Академиясында Вадим Рзаевтың шеберлік сыныбы өтті
Тәуелсіздік – басты құндылық
Мұз қатып қалған көлік құлпын қалай ашуға болады
Маңғыстауда Тәуелсіздік күні қарсаңында 50-ден астам іс-шара ұйымдастырылады
Жүйрікте де жүйрік бар
Көктайғақ, тұман, бұрқасын: Алдағы үш күнге ауа райы болжамы жарияланды
Еңбеккерді қорғау – елдікті қолдау
Түркістанда 508 отбасы баспаналы болды
“Ұйқыны бұзатын тағамдар“. Қандай өнімнен бас тартқан дұрыс?
Ойланып алған несие орға жықпас
Қазақстан Тәжікстанға 1 млн тоннадан астам астық жеткізді
Гүлмира Қобыландина, пластикалық хирург: Табиғилықтан ауытқығанда, сұлулық сөнеді
Алматы құтқарушылары техникалық қызмет көрсету станциясындағы өртті сөндірді