Жезқазған қаласының тумасы қасиетті Мекке қаласына екінші рет велосипедпен барып қайтты. Қажылық сапардан қажымаған Талғат Жұмабеков елге тамыз айының басында оралды, деп хабарлайды Zakon.kz.Талғат Жұмабеков продюссерлік орталықта жұмыс істеген. Тіпті хореограф та болған. Артынша дүниежүзін шарлағысы келген екен. Осылайша мұсылман үшін қасиетті Меккенің топырағын басу басты арманы болыпты. Бірақ өзгелер сияқты айшылық алыс жерге ұшақпен жедел жете салмай, мыңдаған шақырымды велосипедпен еңсеруге бел буған, деп хабарлайды "Хабар 24". "Баяғы кездері Меккеге жиhанкездер жылқы, атпен, тіпті жаяу барған. Сөйтіп біраз қиыншылықтарды көріп, сондай жетістіктерге жетіп отырған. Қазір ондай жағдай жоқ қой. Ұшақпен бәрі барып жүр деп, өзін сынағысы келді ғой. Сонда мен "велосипедпен бар" деп айтқанмын. Жәй әзіл ретінде. Соны ол қағып алды да велосипед сатып алып, сонымен кетті",-дейді Талғаттың досы Еркін Жабағинов.