"Жігіттер" тобының әншісі Ердос Қанаев қызды болғанын айтып, көпшіліктен сүйінші сұрады. Өнер иесі қуанышты жаңалығын Instagram парақшасында бөлісті. "Сүйінші! Қасиетті жұма күні қызды болдым. Өмірге кесте тігерім келді, ағайын", - деп жазды Ердос Қанаев. Желі қолданушылары әншінің қуанышына ортақтасып, жылы лебізін білдірді. "Бауы берік болсын", "Алла өмірімен берсін", "Ғұмырлы ұрпақ болсын", - деп жазды желідегілер. Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Ердос Қанаев өзін күтіп отырған анасының видеосын жариялап, көпшілікті сүйсінткен болатын. Әншінің анасына құшақ жая жүгірген сәті желіге тарады.