Жигули Дайрабаев соңғы кездері өзіне неге жиі айып тағылатынын түсіндірді

Мәжіліс депутаты Жигули Дайрабаев өзінің төңірегінде неліктен келеңсіздіктер көп болып кеткенін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.Мәжілістің жалпы отырысында журналистер депутаттан соңғы уақытта жылжымайтын мүлікке қатысты заңсыз әрекеттерге қатысты тағылған айыптар туралы сұрады. "Меркен ауданында жеке менің меншігімде бір метр жер жоқ, ол кезде жалдамалы жұмысшы болып жұмыс істедік. Жұмыс барысында тиянақтылық пен ұқыптылық көрсеттім. Мен жұмыс істеп жүрген кездері, яғни 2000 жылдардың басында ауылдағы көптеген жерлер игерілмеген еді. Кейін көптеген азаматтар компанияға өз жерлерін берді, біз бұл жерлерге дәнді дақылдар, жүгері және қызылша ектік. Кейін ауыл азаматтарының көпшілігі сол жерде жұмыс істеді. Компанияда 350-500 жұмыс орны құрылды. Компания жаңа технологиямен, жаңа жабдықтармен қамтамасыз етілген еді. Мен бұл компанияға келгенге дейін менің орнымда осы іспен 4-5 адам айналысқан", - деді Мәжіліс депутаты журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып. Сонымен қатар, Жигули Дайрабаев соңғы кездері өзіне тағылған айыптардың неліктен жиілеп кеткенін түсіндірді. "Мұның бәрі мен депутат болғаннан кейін болып отыр. Бәрі менен ақша алу мақсатында ұйымдастырып жатқан сияқты, бірақ менде артық байлық жоқ. Сондықтан бұл іспен құзырлы орган айналысуы керек деп ойлаймын", - деп жауап берді депутат.

Читать источник astanatv.kz/kz/
2027 жылы бокстан әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді
Алматы құтқарушылары техникалық қызмет көрсету станциясындағы өртті сөндірді
Дубайда өткен жарыста ақтөбелік сәйгүлік Нугул жеңіске жетті
Алматыда ҚР ІІМ еңбек сіңірген қызметкері Джанысбек Құсманғалиевке ескерткіш тақта ашылды
Алматыда Бизнес хаб пен студенттік емхана ашылды
Сириялықтар Асад билігінің құлауын тойлап жатыр
Доллардың бүгінгі бағамы
Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинмен кездесті
Колония тәрбиеленушілері өлеңдерін Тәуелсіздікке арнады
ТЖМ құтқарушылары-2024 жылғы жастар сыйлығының лауреаттары
Президент 2024-2026 жылдарға арналған бюджетке түзету енгізді
Анасы түрмедегі ұлына телефон кіргізбек болған
Онлайнда әйелдер ерлерден көп уақытын өткізеді
Семейде 22 жастағы жігітті азаптап өлтірген күдікті 12-ақ жылға сотталды
Михаил Кавелашвили Грузия президенті болып сайланды
Астанада әлі тумаған егіздерге ота жасалды
Қоғамдық сенім және әлеуметтік капитал тақырыбында халықаралық конференция өтті
Қазақстан полициясы қызметін күшейтілген нұсқаға ауыстырды
Оңтүстік Корея президентіне импичмент жарияланды
Бір ғана үміткер қатысты: Грузияда президент сайлауы өтті деп жарияланды
Атырауда алғаш рет “Есірткіге жол жоқ“ жастар форумы өтті
Еліміздегі он бірінші хаб Түркістанда ашылды
Елімідегі он бірінші хаб Түркістанда ашылды
Елордада егіз балаға жүкті әйелге жатырішілік операция жасалды