"Жиһазға қажетті шикізаттың барлығы шетелден әкелінеді", - сарапшы

Күріш ғана қымбаттаған жоқ. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы да көтерілген. Нақты қай өнімдердің бағасы өсті? Сүндет Оралбек экономика топтамасында тарқатып айтады. Азық-түлік бір жылда 8,5 процентке қымбаттады. Ет өнімдерінің бағасы 7 пайызға, көкөніс шамамен 10 процентке көтерілді. Сауда орнына барып, себетіңді толтыру үшін қалтаңыз қағылады. Бір жыл бұрын айранды 362 теңгеден алсақ, қазір құны 419 теңгеге жеткен. Сүт 330 теңгеден 385 теңгеге көтерілді. Бір келі сарымайға 500 теңге, қаймақтың келісіне 200 теңге қосылған. Ал макарон өнімдері 10 пайызға, жұмыртқа 13 процентке көтерілді. Елімізде жиһаз жасау кәсібі жылдан жылға дамып келеді. Былтыр 82,6 млрд теңгеге жиһаз дайындалған. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 27 пайызға артық. Тұтынушылардың көбі кеңсе мен сауда кәсіпорындарына арналған түріне тапсырыс береді. Оған 31,5 млрд теңге жұмсаған. 8,2 млрд теңгеге ас үй жиһазы, 6,2 млрд теңгеге матрас өндірілген. Сатып алушылардың көбі Алматы облысында. 22,8 млрд теңгеге сауда жасаған. Ал Алматы қаласында 8,5 млрд теңгеге, Түркістан облысында 6,9 млрд теңгеге жиһаз құрастырылды. Десе де ішкі нарықты отандық кәсіпкерлер толықтай қамтамасыз ете алмайды. Әлі де импортқа тәуелдіміз. Оған бағаның шарықтауы әсер етуде дейді мамандар. Мәселен, өткен жылы үстелдер 12 пайызға, орындықтар 10, жатын бөлмеге арналған жиһаз жиынтығы 7 процентке қымбаттаған. Қанат ИБРАЕВ, ҚР ЖИҺАЗ ЖӘНЕ АҒАШ ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІ КӘСІПОРЫНДАРЫ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Қазақстанда жиһаздың барлығы шетелдік шикізаттан жасалады. Керекті жабдықтардың 90 пайыздан астамын Ресейден аламыз. Оны кәсіпорындарына жеткізу үшін қыруар ақша жұмсаймыз. Сол себептен жиһаз бағасы қымбат болады. Ал Белорус, Ресей жиһаздары әлде қайда арзан. Себебі, қажетті заттардың барлығын өздері шығарады. Ал бізде тіпті ағаш өңдейтін зауыттар жоқ десем де болады. Баласының білімін жетілдірем дейтін ата-аналардың қалтасына тағы салмақ түсетін болды. Бастауыш білім беру 5,6 процентке, дамыту орталықтарының қызметі 2,9 пайызға қымбаттады. Өткен жылдың үшінші тоқсанында мектепке дейінгі білім беру саласындағы қызмет 188,7 млрд теңгені құрады. Оның 108 млрд теңгесіне мемлекеттік компаниялар қызмет көрсеткен. Жеке компаниялар 79 млрд теңгеге, шетелдік компаниялар 489 млн теңгеге білім берген. Мұндай мекемелерге Түркістан облысының тұрғындары жиі жүгінеді екен. Алматы мен Жамбыл облысы үштікке кірсе, Ұлытау облысында ең аз қызмет көрсетілген. Бұл салаға қызығушылық танытып, инвестиция салатындар да көбейіп келеді. Өткен жылы 3 млрд теңге тартылған. Оның 52 пайызы Павлодар облысына берілді. Астанаға 825 млн теңге, Қостанай облысына 432 млн теңге салынған.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Түркістанда полиция 200-ден астам жүк көлігіне көмектесті
Алматыға жақын маңда жер сілкінді
“Қанды желтоқсанның сызы әлі байқалады”: желтоқсан оқиғасына қатысқандар не дейді?
«Мен қазақпын»: Астанада бір сәтте 700 оқушы патриоттық әнді шырқады
Түркістанда полиция 200-ден астам жүк көлігіне көмектесті
Адам қанша литр шай ішкеннен кейін өліп кетуі мүмкін?
ТЖМ қызметкерлері Қарағандыда өрт кезінде 6 адамды құтқарды
Жас спортшылар патриоттық челлендж ұйымдастырды
Қан тамырлар саулығы: рационға қосу керек топ-8 өнім
2025 жыл қандай болмақ?
Еліміздің "Үздік акушері" анықталды
Алматыда «баррамунди» экзотикалық балық түрі өсіріледі
Құрмамен бірге жеуге болмайтын өнімдер аталды
“Қанды желтоқсанның сызы әлі байқалады”: желтоқсан оқиғасына қатысқандар не дейді?
Өскеменде бір ай бұрын жоғалған 19 жастағы қыздың денесі табылды
Бірнеше облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
Астанада Бибігүл Төлегенованың 95 жасқа толуына орай салтанатты концерт өтті
Есте сақтау қабілетін жақсартатын ең оңай тәсіл белгілі болды
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Алматы облысына барды
«Көзімнің тірісінде күйеуге шыққанын көргім келеді»: Мақпал Жүнісова арманын айтты
Алматыға жақын маңда жер сілкінді
ММА-дан әлем чемпионаты: Ақтөбелік полицей финалда техникалық нокаутпен жеңіске жетті
Алматыдан 88 шақырым аумақта жер сілкінді
Алматы маңында жер сілкінді