"Хан шатыр" ойын-сауық орталығында "Júldeli Shopping" науқанының жеңімпаздары анықталды. 9 айға созылған байқауда 2 адамның бағы мен бабы қатар шауып, пәтер мен су жаңа "Toyota corollа" автокөлігін жеңіп алды. Алдағы уақытта ұтыс ойындары жалғасын табады дейді ұйымдастырушылар. Айдана есімді Елорда тұрғыны "Júldeli Shopping" науқаны аясында пәтер ұтып алды. Ол өткен айда "Хан шатыр" ойын-сауық орталығында 500 мың теңгеге "КазТур" компаниясынан шетелге жолдама сатып алған. Ұйымдастырушылар видео байланыс арқылы қосылып, жеңімпазды құттықтады. Айдана эмоциясын жасыра алмады. "Хан шатыр" ойын-сауық орталығы мен "NOMAD GROUP" компаниясы ұсынған су жаңа "TOYOTA corolla" автокөлігін Риза Шабанаева жеңіп алды. Көзіне жас алып, қуанышы мен алғысын білдірді. 9 айға созылған науқанның шарты бойынша "Хан шатыр" ойын-сауық орталығынан 30 мың теңгеге сауда жасап, чекті ұтыс билетіне ауыстырып, барабанға салу керек. Бағы мен бабы қатар шапқан 2 адам пәтер мен су жаңа көлікке ие болды. Талғат ҚАЛЖАН, "JÚLDELI SHOPPING" НАУҚАНЫНЫҢ АМБАССАДОРЫ: "Хан шатырдың" ресми сайтында лайв камера деген бөлім болды. Сол жерге кіру арқылы әрбір қатысушы 24 сағат барабанның орнында тұрғанын, ондағы билеттердің ешқайда ауыспағандығын бақылап отырды. Дәл осылай регламент бойынша біз 100пайыз әділ өткіздік. Демеушілер Елорда халқын бұған дейін де бағалы сыйлықтармен қуантқан. Тұрғындардың көңіл күйі мен тұрмыс жағдайын жақсарту үшін мұндай шаралардың көмегі орасан дейді. Гүлсәуле КАБЫШЕВА, "NOMAD GROUP" ҚҰРЫЛЫС КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Біз осындай ұтыс ойындарын жиі өткізіп тұрамыз. Көктемде көлік ойнаттық. Күзде үй сыйладық. Енді міне жаңа жылда халықтың көңіл күйін көтеру үшін үй мен көлік ойнатып жатырмыз. Көмекке мұқтаж жандарға демеуші боламыз. Менің ойымша ірі компаниялар да осындай істермен айналысып, халыққа керемет көңіл күй сыйлауы керек. Мұндай ұтыс ойындары алдағы уақытта да жалғасын табады дейді "Хан шатыр" ойын-сауық орталығының қызметкерлері.