Жоғалып кеткен әйел үш күннен кейін лифттен өлі табылды

Ташкентте жоғалып кеткен әйел үш күннен кейін лифтіден өлі табылды. Жедел саты бірнеше күн бойы бұзылып тұрған, - деп хабарлайды Massaget.kz.Оқиға 24 шілдеде Ташкенттің Мирзо-Ұлықбек ауданындағы Паркент көшесіндегі үйлердің бірінде болған. 26 шілдеде әйелдің туыстары адам жоғалғаны туралы арызбен құқық қорғау органдарына жүгінген. Іздестіру жұмыстарының үшінші күні, яғни 27 шілдеде қайтыс болған әйелді қыз тауып алған. Оның айтуынша, лифт шақырғанда әйелдің жатқанын көрген және оны ұйықтап жатыр деп ойлаған.Кейін видеодан әйелдің 24 шілдеде лифтке кіргені анықталған. Ол жоғарғы қабаттардың бірінде тұрып қалған екен. "Жаңа ғимаратқа адамдар әлі толық қоныстанған жоқ, көршілерінің естуі мүмкін емес еді. Оған ешкім көмекке келмеген, содан қайтыс болған. Ол бүгін түнде табылды. Отбасына көңіл айтамыз. Бұл қорқынышты өлім", - деп жазады блогер қайғылы оқиғаға қатысты.Бас прокуратура лифтте тұрып қалған әйелдің өлімінің себебін атады. "Алдын ала медициналық қорытынды бойынша, марқұмның өліміне жүректің ишемиялық ауруы, жедел жүрек-қан тамырлары және тыныс алу жеткіліксіздігі себеп болған. Тексеру барысында үй тұрғындары лифт бірнеше күннен бері істен шыққанын және мұндай бұзылу жиі байқалатынын түсіндірді", - делінген басылым жазбасында.Бас прокуратура мәліметінше, 24-28 шілде аралығында лифт істен шыққан. Ведомство бұл оқиғаны мамандарды тарта отырып, тергеуге дейінгі тексеру аясында зерттейтінін, содан кейін құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғау туралы шешім қабылдайтынын мәлімдеді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Елімізде қаңтарда өтетін ҰБТ басталды
«Дәрігер бұрын сотталған болып шықты». Мұрнын түзетпек болған қыз ажал құшты
Эстондық акробат Дубайда 224 метр биіктікте арқанмен 100 метр жүріп өтті
Бір жылда 85 мыңнан астам мектеп оқушысы Алматы музейлерін тегін аралады: бастама білім беру барысына қалай әсер етеді?
Алматы музейлері үшін рекордты жыл: 300 мыңнан астам келуші, 85 млн теңге табыс және ТҮРКСОЙ-дан марапат
Алматы мұражайлары: шетелде оқу, жалақының көтерілуі және қызметкерлерге арналған қолжетімді баспана
Іздеуде жүрген қазақстандық Ресейде ұсталды
Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында «Келешек» бірыңғай ерікті жинақтау жүйесі әзірленді
100-ден астам алматылықтар шағын бизнесті дамытуға жылдық 2%-дық  және 6-дық жеңілдетілген  мөлшерлемемен несие алды
2024 жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары 54 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады
Қазақстандықтар туу туралы куәлікті ХҚКО-ға бармай-ақ ала алады
Тарихтағы 15-ші жеңіс
Шекарашылардың жағдайын жақсарту талқыланды
Эстондық акробат Дубайда 224 метр биіктікте арқанмен 100 метр жүріп өтті
Қазақ қызы UFC сапына қосыла ма?
Қазақстан хоккейшілері Универсиадада жеңіске жетті
Алматыда халықтың әлеуметтік осал санаттарына 17 көмек түрі көрсетіледі
Алматы облысында қайтарылған активтер есебінен жаңа спорт кешені салынады
"7-20-25" пен "Баспана хит" ипотекасында салық шегерімдері ашылды
Жел күшейіп, көктайғақ болады
«Дәрігер бұрын сотталған болып шықты». Мұрнын түзетпек болған қыз ажал құшты
Алматы музейлері өткен жылы 85 млн теңге табыс тапты
Полиция көлік жүргізушілерге үндеу жасады
Елімізде студенттерге арналған стипендия мөлшері екі есе артады