Жоғарғы сот судьясы қызметінен кетті

Сенат депутаттары зейнет жасына жеткен Жоғарғы сот судьясы Мейрамбек Таймерденов қызметінен босатты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.Сенаттың жалпы отырысында Жоғары сот кеңесінің төрағасы Денис Шипп Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тиісті ұсынымын оқып берді. Мейрамбек Таймерденовтің судья лауазымында болуының шекті жасына жетуіне байланысты оны Жоғарғы соттың судьясы қызметінен босату туралы ұсыныс енгізілді. Ол 65 жасқа толды. Мейрамбек Таймерденовтің сот жүйесінде 19 жылдан аса тәжірибесі бар. Оның 4 жылы Жоғарғы сот судьясы қызметінде өтті. Ол судьялар қауымдастығында беделге ие. Мемлекет басшысының Мейрамбек Шаймерденовті судья лауазымында болуының шекті жасына жетуіне байланысты оны Жоғарғы соттың судьясы қызметінен босату туралы ұсынысын қолдауыңызды сұраймыз, - деді Денис Шипп. Сенат депутаттары дауыс беру нәтижесінде қаулыны қабылдады. Мейрамбек Таймерденов 1958 жылы туған. Еңбек жолын заңгерлік мамандығы бойынша 1983 жылы Алматы облысы Қаскелең аудандық халық сотының сот орындаушысы лауазымынан бастаған. 1993 жылдан 1997 жылға дейін прокуратура органдарында қызмет істеді. 1997 жылы сәуір айында Алматы облысы Жамбыл аудандық сотының судьясы болып тағайындалды. 1999 жылы – Алматы облыстық сотының судьясы. 2001-2005 жылдары – Әділет министрлігі тіркеу қызметі комитетінің төрағасы. 2006 жылы Жоғарғы соттың жанындағы сот әкімшілігі жөніндегі комитет төрағасының орынбасары болып тағайындалды. 2007-2012 жылдары – Алматы облыстық сотының төрағасы. 2012 жылдың наурызынан бастап – Алматы қалалық сотының төрағасы. 2013 жылғы желтоқсаннан бастап Алматы облыстық сотының төрағасы қызметін атқарды. 2019 жылдың сәуірінен бастап Жоғарғы сот судьясы болып сайланды. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Оқжетпес» қазақстандық қорғаушымен келісімшарт мерзімін ұзартты  
Ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде жол жабылды
Алматыда 19 адам пиротехникадан зардап шекті
Қыста пәтершіні үйден шығарып жіберуге бола ма?
95 көлік соқтығысқан ірі жол апаты қалай басталғаны белгілі болды
Ақтөбеде полицейлер есірткі жасырушыны ұстады
“Шаршаудан басталды“. Қатерлі ісікке шалдыққан адам оның қалай дамығанын айтып берді
ІІМ жолдардағы жағдай мен көлік сүйемелдеуі туралы айтты
Украинадағы соғысқа қатысқан жігіт төрт жылға сотталды
“Қиын кездер болды“ - әнші Айжан Нұрмағамбетова өміріндегі қиындықтары жайлы айтты
Жамбыл облысында автокөлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді
Жаңа жылда алпыстан астам адам пиротехникадан зардап шекті
Каспийдің түбінен көне кеме табылды
Азу тісімен жаралаған. Турист жануар шабуылынан қаза тапты
Таразда үш қабатты жаңа мектеп өртенді (ВИДЕО)
«Маңғыстау жастары» тұрғын үй бағдарламасына өтінім қабылдаудың аяқталуына 5 күн қалды
Ғалымдар ұзақ ұйқының күтпеген қаупін анықтады
Алматыда 19 адам пиротехникадан зардап шекті
Қазақстан жолдарында қалған 500-ден астам адам пойызбен құтқарылды
СҚО-да жабайы жануарларды қоректендіру маусымы басталды
Футзалдан Қазақстан құрамасы әлемнің үздік ұжымы атағына үміткер
Ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде жол жабылды
Қостанайда қар құрсауынан екі көлік шығарылды
Қазақстанның барлық аймағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды