"Жол ашамын": Балгер, көріпкелдерге неге халық сенгіш келеді?

"Жол ашамын": Балгер, көріпкелдерге неге халық сенгіш келеді?

Қазақстанда емші, көріпкел, балгерлердің қызметін реттейтін арнайы заң жоқ, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.Балгер де, көріпкел де, бақсы да тылсым күштермен байланысымыз бар деп адамдарды сендіріп жатады. Өткені мен болашағын білгісі келетіндер бал аштыртып, көріпкелдерге жүгінуге құмар. Бүгінде бұл қызмет түрлеріне сұраныс артпаса, кеміген жоқ. Психолог шенеуніктер арасында көріпкелдерге жүгінетіндері барын https://inbusiness.kz/kz/news/bishimbaev-kejsi-koripkel-men-balgerge-baruga-kimder-bejim жиі еститінін айтқан болатын. Қазіргі таңда балгер мен көріпкелдер өз қызметін онлайнға сәтті ауыстырған. Экранның ар жағынан болашақ туралы айтып, болжам жасай береді. Интернеттегі жарнамалардан бөлек, әлеуметтік желіде парақшалар ашып, кәсібін "дөңгелетіп жатқандары" баршылық. Материалды жазу барысында осындай парақшалардың бірнешеуін қарап шықтық. Бір байқағанымыз отандық балгерлер мен көріпкелдер қызмет көрсету құнын көрсеткісі келмейді. Дені "болжам жасаймын", "сүйгеніңді қайтарамын", "үй сатуға көмектесемін", "түс жоримын", "жол ашамын" деп жазған. Осындай парақшалардың біріндегі жазылушылар саны 124 мың адам болса, көріпкелдікпен қатар емшілікті қатар алып жүретінін көрсеткен парақшаға 101 мың адам тіркелген. Балгер, емші, көріпкелдерге неге халық сенгіш келеді? Психолог Жанар Сейітмағанбет адамдар қай уақытта да жылы сөзге зәру деген пікірде. "Дін болсын, психология болсын, барлығына ортақ нәрсе – адамның сенімі. Адамдар жаны қысылып, қиналғанда жылы сөз естігісі келеді. Жалпы адамзат баласы қай уақытта да жылы сөзге зәру. Сондықтан да адамдар емші, көріпкел, балгерге тегін бармайды. Қаражатпен барған соң оларға жаман сөз айтпайды. Яғни адамның жүрегіне бір сенім ұялатады, жанын жадыратады. Кез келген адамның ішінде бір сенім болады. Жаратушыға, не болмаса балгер, көріпкел, астрологқа сеніп жүрсе де, адам бұл сенімді тірегі ретінде ұстап жүреді", - деді маман. Шариғат не дейді? Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Шариғат және Пәтуа бөлімі маманы Елбек Тасболатұлының сөзінше, бақсы-балгер деп сиқырмен айналысатын адамдарды айтады. "Дініміз мұндай адамдардан өте қатты сақтандырады. Себебі бұл ауыр күнә", - деді спикер. Қазір медицина дамыған заманда емші, көріпкелдерді жағалап кететіндер азаймай тұрғаны да белгілі. Ислам дінінде бақсы-балгер, көріпкелге бару күнә деп саналады. "Тәуіп, емші, көріпкел дегенді 2 түрге бөліп қарастыруға болады. Тәуіп араб тіліндегі "тобиб" – дәрігер деген сөзден шыққан. Емші де дәрігердің баламасы. Тәуіп пен емші емдеу саласында шариғатқа қайшы емес емдеу тәсілін қолдануы мүмкін. Яғни, адамның денсаулығына зиян емес, дұрыс емдік тәсілдерді қолданады. Мұндай тәуіп, емшілер "халық емшісі" деп аталынады. Жалпы айтқанда, бір адам таза медицинамен айналыспаса, шариғат тұрғысынан күмәнді нәрселермен айналысса, одан сақ болу керек. Мысалы, тамыр ұстап, инемен емдейтіндер көбінесе жоғары білімді шығыс медицинасының тәсілін қолданады. Егер де шариғатқа сай болса, адамға зияны болмаса, оны біз құптаймыз. Дін жағынан келетін болсақ, бұл медицина шариғатқа қайшы ма, қайшы емес пе, емші-тәуіптердің адамдарға емі пайдалы ма, зиян ба – сол жағынан үкім айтамыз", - деді ҚМДБ өкілі. Көріпкел, бақсы-балгерлердің қызметін реттейтін заңнама қажет Заңгер Бағдат Амандосұлының пікірінше, кез келген қоғамдық қатынастар ережемен реттелуі тиіс, сол кезде тәртіп болады. Қазір елімізде емші, көріпкел, балгерлердің қызметіне қатысты арнайы заң жоқ, сол үшін мемлекет тарапынан бақылау да әлсіз екенін айтады. Емшіге барып, арты қайғылы жағдайға немесе адам денсаулығының нашарлауына әкелетін болса, жауапқа кім тартылады? "Егер мұнда салдармен көрсетілген қызметтің арасында себепті байланыс болса, онда міндетті түрде емді көрсеткен тұлға жауапкершілікке тартылады, бұл фактіні қозғалған іс аясында сот-медициналық сараптаманың қорытындысымен анықтайды", - деп атап өтті сарапшы. Заңгер өз тәжірибесінде кездескен жағдаймен бөлісті. "Өзін емші ретінде таныстырған азамат ешқандай медициналық білімі мен рұқсаты болмай тұра науқастың жағдайы туралы медициналық құжаттарын сұратпай, оны қабылдап, баланың анасына баласы тез арада сауығып кетеді деп сендіріп, өзінің қолымен белгіссіз заттардан жасалған дәрілерді науқас бірнеше күн бойы қабылдауы қажет деп айтып, аталған дәрілерді сатады. Нәтижесінде тікелей емшінің нұсқауымен ем-дом жасалған ана көп ұзамай баласынан айырылып қалады. Қылмыстық іс аясында емшінің жасаған әрекеті мен өлімнің арасында себепті байланыс болғаны анықталған соң, емші қылмыстық жауапкершілікке тартылып, бас бостандығынан айырылған еді", - деді сарапшы. Бұдан өзге бақсы-балгер, көріпкелге барып, сан соғып қалатындар да кездесіп жатады. "Бұл жерде нақты сол көріпкелдің айтқан сөзін дәлелдеу үшін алдын-ала аудио немесе бейнежазбамен барлық қатынасты жазып алу керек. Адамның сеніміне кіріп, оның қаражатына қиянат жасаған болса, бұл алаяқтық дерегімен қылмыс болып сараланады. Себебі бұндай қызмет түрін ұсынып жатқандар өте көп. Алыс кетпей-ақ қояйық, жақында болған Астанадағы процесте (ред. – бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың соты) айыпталушы көріпкелге хабарласқаны, оның берген кеңесін, яғни жауабын бәріміз білеміз. Қазіргі кезде Қазақстанда көзі ашық азаматтар бар. Көріпкелдер сіз мен біз сияқты азаматтар ғой. Ешкім ертең не болатынын біле алмайды, біз тек болжай аламыз, сондықтан да ондай жерлерге барудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Егер осындай әрекеттердің салдарынан адамдар жаппай алданып жатса, "Алаяқтық" дерегі бойынша полицияға арыздануға жазбаша түрде дәлелдердің бәрін тіркеп жүгінуге толық негіз бар. Дәл осы кезде көріпкелмен сөйлескен аудиожазбалар оның кінәсін дәлелдеуге керек болады. Сонда ғана көріпкелмін деп таныстырған тұлға жауапкершіліктен құтылып кете алмайды. Себебі сіздің қолыңызда нақты дәлел бар. Егер аудиожазбалар болмаса, көріпкелдің айтқан сөзін дәлелдеу өте қиынға соғады", - дейді Бағдат Амандосұлы. Қазір өзін көріпкелмін деп таныстырып, әлеуметтік желілер арқылы парақшаларын ашып жатқандар жеткілікті. Халық солардың қызметіне жүгініп жатады. Сарапшыдан олардың қызметіне бақылау жүргізу керек пе деп сұрадық. "Әрине, мемлекетте тарапынан бақылау болу керек. Бұл үшін алдымен олардың қызметін айқындайтын мәліметтермен танысу үшін арнайы реестр болу қажет және ол ашық болуы тиіс. Қазіргі кезде көріпкелдердің арнайы электронды рестрі жоқ, бұл факт қоғам үшін өте қауіпті және мемлекет үшін маңызды мәселелердің бірі болу керек. Бір сөзбен айтқанда, сіз бір нәрсені түсінуіңіз керек. Мемлекет тарапынан бақылау неғұрлым қатаң болса, онда соғұрлым сол салада тәртіп болады, қарапайым азаматтар зардап шекпейді. Осы орайда бұл қоғамдық қатынастар заңмен реттелетін болса, онда мемлекет тарапынан бақылау бар деген сөз", - деп түсіндірді заңгер.

Угледар маңында ресейліктер Украинаның бес жауынгер тұтқынын атып тастады
Угледар маңында ресейліктер Украинаның бес жауынгер тұтқынын атып тастады
  • arbatmedia.kz
Еліміздегі республикалық маңызы бар  жолдарда жаңа индекстер бекітілді
Еліміздегі республикалық маңызы бар жолдарда жаңа индекстер бекітілді
  • el.kz
Жібек Құламбаева Португалиядағы турнирдің финалына шықты
Жібек Құламбаева Португалиядағы турнирдің финалына шықты
  • turkystan
Серуендеу - ми жұмысын жақсартудың ең оңай әрі жылдам әдісі
Серуендеу - ми жұмысын жақсартудың ең оңай әрі жылдам әдісі
  • aqshamnews
Алматыда тауға жалғыз шыққан жасөспірім адасып кетті
Алматыда тауға жалғыз шыққан жасөспірім адасып кетті
  • aqshamnews
Алматыда туристерді құтқару амалдары пысықталды
Алматыда туристерді құтқару амалдары пысықталды
  • aqshamnews
Қазақстанда мектептерге арналған PISA-2024 зерттеуі басталды
Қазақстанда мектептерге арналған PISA-2024 зерттеуі басталды
  • aqshamnews
Экология мен халықтың денсаулығын жақсарту тәсілдері белгіленді
Экология мен халықтың денсаулығын жақсарту тәсілдері белгіленді
  • aqshamnews
Әлемде аллергияның әлегіне түскендер көбейген
Әлемде аллергияның әлегіне түскендер көбейген
  • aqshamnews
Елде темір жолдарды жөндеу жұмыстарының 96%-ы аяқталды
Елде темір жолдарды жөндеу жұмыстарының 96%-ы аяқталды
  • aqshamnews
Қазақстан мен Ресейдің ауыл шаруашылығы ведомстволары агроөнім саудасын жеңілдетуге ұмтылуда
Қазақстан мен Ресейдің ауыл шаруашылығы ведомстволары агроөнім саудасын жеңілдетуге ұмтылуда
  • aqshamnews
Көлік полицейлері ҚТЖ-да дизель отынын ұрлаған қылмыстық топты ұстады
Көлік полицейлері ҚТЖ-да дизель отынын ұрлаған қылмыстық топты ұстады
  • aqshamnews
Жаңа жыл қарсаңында пойыз билеттеріне жеңілдік жасалады
Жаңа жыл қарсаңында пойыз билеттеріне жеңілдік жасалады
  • aqshamnews
«Болашағы жоқ»: Биыл елімізде 45 ауыл жойылады
«Болашағы жоқ»: Биыл елімізде 45 ауыл жойылады
  • sn.kz
  Қорғаныс министрлігі елорда тұрғындарына ескерту жасады
Қорғаныс министрлігі елорда тұрғындарына ескерту жасады
  • aikyn
Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарынан тиімсіз нормалар анықталды
Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарынан тиімсіз нормалар анықталды
  • halyq-uni
Парашютпен секіру жерде ұшу элементтерін пысықтаудан басталады
Парашютпен секіру жерде ұшу элементтерін пысықтаудан басталады
  • baq.kz
Алматыда «Күз-2024» шақыру компаниясы аяқталды
Алматыда «Күз-2024» шақыру компаниясы аяқталды
  • aqshamnews
CNN: Солтүстік Корея әскерлері қазірдің өзінде Украинада
CNN: Солтүстік Корея әскерлері қазірдің өзінде Украинада
  • arbatmedia.kz
Еуропарламент басшысы Киевке TAURUS зымырандарын жеткізуге шақырды
Еуропарламент басшысы Киевке TAURUS зымырандарын жеткізуге шақырды
  • arbatmedia.kz
«Қазақтың отбасы фольклоры» түрік тіліне аударылды
«Қазақтың отбасы фольклоры» түрік тіліне аударылды
  • arbatmedia.kz
Қорғаныс министрінің кейбір бұйрығына өзгерістер енгізіледі
Қорғаныс министрінің кейбір бұйрығына өзгерістер енгізіледі
  • arbatmedia.kz
Қостанай облысында жарылыстың алды алынды
Қостанай облысында жарылыстың алды алынды
  • Massaget
Қазақстанда жыл басынан бері 12 мыңға жуық сайт бұғатталды
Қазақстанда жыл басынан бері 12 мыңға жуық сайт бұғатталды
  • baq.kz
Магические прогнозы. Шоу “Расклад” продолжает гадать на спорт
Магические прогнозы. Шоу “Расклад” продолжает гадать на спорт
  • Smi24
ФИФА-ның бұрынғы президенті: “Мен монстр жасадым”
ФИФА-ның бұрынғы президенті: “Мен монстр жасадым”
  • bassport.kz
Анама жұмыс істетпеймін, бар жағдайын жасадым – Әбиба Әбужақынова
Анама жұмыс істетпеймін, бар жағдайын жасадым – Әбиба Әбужақынова
  • turkystan
Конор Макгрегор қыз зорлау ісіне қатысты кінәлі деп танылды
Конор Макгрегор қыз зорлау ісіне қатысты кінәлі деп танылды
  • sn.kz
Қазақ файтері UFC-ге іліге алмады
Қазақ файтері UFC-ге іліге алмады
  • penalty
Әскерилер арасында әлем кубогының жеңімпаздары анықталды
Әскерилер арасында әлем кубогының жеңімпаздары анықталды
  • penalty
Сыздықбеков мемлекетке қайтарғысы келетін Шымкенттегі су компаниясының қарызын кім өтейді
Сыздықбеков мемлекетке қайтарғысы келетін Шымкенттегі су компаниясының қарызын кім өтейді
  • qaz365.kz
Ғабит Сыздықбеков жемқорлықпен қалай күреспекші
Ғабит Сыздықбеков жемқорлықпен қалай күреспекші
  • qaz365.kz
Қорғаныс министрлігі елорда тұрғындарына үндеу жасады: 23 қараша 2024, 15:54 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Қорғаныс министрлігі елорда тұрғындарына үндеу жасады: 23 қараша 2024, 15:54 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
“ҚТЖ-Жүк тасымалы“ филиалы депосының бастығы сотталды: 22 қараша 2024, 09:47 - жаңалықтар Tengrinews.kz
“ҚТЖ-Жүк тасымалы“ филиалы депосының бастығы сотталды: 22 қараша 2024, 09:47 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Премьер-министр Қазақстанда шұғыл жиын өткізді
Премьер-министр Қазақстанда шұғыл жиын өткізді
  • TengriNews
Экс-министр Марат Бекетаевтың ұсталуы
Экс-министр Марат Бекетаевтың ұсталуы
  • TengriNews
Желтоқсанда көптеген қазақстандық үшін ұялы байланыс пен интернет қымбаттайды
Желтоқсанда көптеген қазақстандық үшін ұялы байланыс пен интернет қымбаттайды
  • TengriNews
WhatsApp-та тағы бір пайдалы функция пайда болады
WhatsApp-та тағы бір пайдалы функция пайда болады
  • TengriNews
Психосинтездегі тұлғаның даму мәселесі. Ұжымдағы тұлғаның «менінің» рөлі
Психосинтездегі тұлғаның даму мәселесі. Ұжымдағы тұлғаның «менінің» рөлі
  • bugin.kz
Сапа қашан жақсарады? Министрге ұялы байланыс операторлары туралы сұрақ қойылды: 21 қараша 2024, 11:01 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Сапа қашан жақсарады? Министрге ұялы байланыс операторлары туралы сұрақ қойылды: 21 қараша 2024, 11:01 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Сәкен Майғазиевтің туған әпкесі өмірден озды
Сәкен Майғазиевтің туған әпкесі өмірден озды
  • sn.kz
«Малдан төмен»: Блогердің туған күнінде ерсі билеген қыздар жұртты шошытты (ВИДЕО)
«Малдан төмен»: Блогердің туған күнінде ерсі билеген қыздар жұртты шошытты (ВИДЕО)
  • sn.kz
«Бифуркация нүктесіне келдік». Әскери сарапшының Украинадағы жағдайдың әсері жайлы пікірі
«Бифуркация нүктесіне келдік». Әскери сарапшының Украинадағы жағдайдың әсері жайлы пікірі
  • halyq-uni
Шымкент әкімі мегаполисте жемқорлыққа жол беретін қызметкерлер азаймағанын айтты
Шымкент әкімі мегаполисте жемқорлыққа жол беретін қызметкерлер азаймағанын айтты
  • halyq-uni
Астанада интернет-алаяқтар тұрғындарды 3 млрд теңгеге алдап кеткен
Астанада интернет-алаяқтар тұрғындарды 3 млрд теңгеге алдап кеткен
  • almaty_tv
Шымкентте пәтерден зейнеткердің денесі табылды
Шымкентте пәтерден зейнеткердің денесі табылды
  • almaty_tv
Шымкентте бір күндік сәбидің өңешіне күрделі ота жасалды
Шымкентте бір күндік сәбидің өңешіне күрделі ота жасалды
  • turkystan
Қабырғаға жапсырылған банан 6,2 млн долларға сатылды
Қабырғаға жапсырылған банан 6,2 млн долларға сатылды
  • turkystan